2.ТооlВох құрал-саймандар тақтасынан Line (сызық) және Shape (фигура) басқару элементтерін кірістіру арқылы.
3. Пішін мен PictureBox нысандарына графикалық әдістер арқылы нүкте, сызық, төртбүрыш, шеңбер, эллипс, бұрыш, доғалар салуға болады. Графикалық пішіндерді салу үшін графикалық әдістерді қолданып, процедура жазамыз.
Scaleәдісі Scale әдісі жаңа координаталарды ұсынады. Scale әдісін қолданғанда Picture Box пен Пішін абсолютті координатаға ие болады, олардың өлшемі (ені мен биіктігі) арнайы твип өлшем бірлігімен өлшенеді. Ал Scale әдісі жаңа координаталар жүйесінде салынады (43-сурет). Scale әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Scale (X1, У1) – (Х2, Ү2) Pset әдісі Pset әдісі нысанға нүкте салуға мүмкіндік береді, Pset әдісінің жазылуы:
[нысанның аты]. Pset (X, Ү) [түсі] Line әдісі Lineәдісі нысанға түзу сызықтар және іші боялған немесе боялмаған төртбұрыштар салады. Lineәдісінің жазылуы:
[нысанның аты]. Line (X1, Ү1) – (Х2, Ү2) [, түсі] [,белгі] Circle әдісі Нысанға шеңбер, доға, эллипс, сектор салу үшін Circleәдісін қолданамыз. Circle әдісінің жазылуы:
[нысанның аты] Circle (X, Ү), радиус [, түсі] [, 1-ші бұрыш, 2-ші бұрыш] [сығу коэффициенті]]]
Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және
дәптерлеріне жазып отырады
Қорытынды кезең
Жеке жұмыс
Бақылау сурақтары Visual Basic тілі графикалық файлдарды қолданудыңқанша тәсілін ұсынады?
Графикалық әдістің графикалық файлдардан қандай айырмашылығы бар?
PictureBox және Image элементтерінің айырмашылығы неде?
Қандай графикалық әдістерді білесіңдер? Графиканың процедурасын жазғанда қандай функциялар қолданылады?
Бүгінгі сабақ бойынша өз ойларын жазады
Бағалау
Бағалау критерийлері бойынша оқушылармен бірігіп бағалау, өзара бағалау
Бағалау критерийлерін өздері құрастырады, өздері баға береді
Үйге тапсырма
Үй тапсырмасын тақтаға жазу. Графикалық әдістер мен процедуралар