Сабақ жоспары №13 Оқытушы


А) Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі жөнінде айтыңдар. Жанрлық ерекшеліктерін, идеясын көрсететін сөздерді табыңдар



бет2/4
Дата23.09.2024
өлшемі33,82 Kb.
#145272
түріОқулық
1   2   3   4
Байланысты:
№ 13 Муханова Г.Т.

А) Мәтіннің құрылымы мен ресімделуі жөнінде айтыңдар. Жанрлық ерекшеліктерін, идеясын көрсететін сөздерді табыңдар.
Ғылымы ертерек дамыған елдердің жетістіктеріне сүйене отырып, апа тілінде оқулықтар жазу барысында сол салалардағы арнаулы ұғымдарды қазақша атау қажеттілігі туындады. Сол кезге дейін тіліміздің ғылыми-техникалық прогреске икемделіп, терминжасам тәжірибесі қалыптаса қоймағанын ескерсек, бұл қажеттілікті өтеудің оңай жұмыс болмағандығын пайымдау қиын болмаса керек. Дәлірек айтқанда, қазақ зиялыларының алдында ұлт тілінде термин жасаудың тұңғыш үлгісін көрсете отырып, қазақ терминологиясын қалыптастырудың бағыт-бағдарын айқындау міндеті тұрды.
Мұндай аса жауапты міндетті атқаруда қазақ оқығандарының арасында А.Байтұрсынұлының орны айрықша болды. Ол тіл, әдебиет және жалпы мәдениетке қатысты жүздген терминді жасап, оларды қолданысқа енгізе отырып, өз замандастарына ана тілінде термин жасаудың жарқын үлгісін көрсете білді.
Ш. Құрманбайұлы
Ә) ХХ ғасырдың басындағы және қазіргі таңдағы білім беру жүйесінің айырмашылықтары туралы өз пікірлерінді білдіріңдер. (Топтық жұмыс. Постер қорғау)


І топ: ХІХ ғасырдағы білім беру жүйесі
ІІ топ: ХХ ғасырдың басындағы білім беру жүйесі
ІІІ топ: қазіргі таңдағы білім беру жүйесі


Б) Мәтіннен араб тілінен енген сөздерді теріп жазыңдар.
Есте сақта!
Тұрақты тіркестер, мақал - мәтелдер
Тілдің әрі ұтымдыәрі сымбатты байлықтарының біразы –. тұрақты тіркестер: мақал-мәтелдер, фразеологиялық тірестер, қанатты сөздер.
Бұларды әсіресе көркем әдебиетте, публицистикалық әдебиетте, көпшілікке арналған лекция, әңгімелерде мол пайдаланады
Мақал-мәтелдер- халық данышпандылығының айнасы, оларды тудырған халықтық тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Олардың «бәрі заңның, өсиеттің, ереженің күшіндей күші бар қысқы-қысқа нақыл сөзге айналып тілде сақталып қалған.
Сұрақтар:
1. Мақал-мәтелдер дегеніміз не?
2. Мақал мен мәтелдің ортақ белгілері мен ерекшелігі?
3. Тұрақты тіркестер дегеніміз не?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет