1-тапсырма. Топтық жұмыс 1-топ. Аррениус теориясы.
2-топ. Льюис теориясы.
3-топ. Брэнстед-Лоури теориясы.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Қышқылдар мен негіздердің теориялары бойынша салыстырмалы кестені толтырыңыз:
Теориялар
Льюис
Аррениус
Брэнстед-Лоури
Қышқыл
Негіз
Қолдану мысалы:
Қолданудың қиындығын тудыратын мысалы:
Қорытынды:
3-тапсырма. Жеке жұмыс Әрбір теңдеудегі тура реакция үшін Бренстед-Лоури теориясы бойынша қышқыл мен негізді анықтаңыз:
a. HClO2(aq) + NaIO(aq) = HIO(liq) + NaClO2(aq) b. HS-(aq) + HF(aq) = H2S(aq) + F-(aq)
4-тапсырма. 4 топқа бөліп оксидтер, қышқылдар, тұздар, негіздер формулаларын теріп жазыңдар:
AgNO3, H2S, SiO2, H2SO4, Cl2O7, Na2CO3, HNO3, ZnO, Cu(OH)2,
KCLO3, BaSO4, H3PO4, Cu(NO3)2, AL(OH)3.
5-тапсырма.Есеп шығару
1 кг күкірт қышқылын алу үшін неше грамм күкірт ангидридін алу керек? (816,3г)
Алюминий хлориді мен күйдіргіш калий әрекеттескен реакция нәтижесінде 2,50 г калий хлориді түзілді. Жұмсалған алюминий хлоридінің массасын анықтау.
6,1 кг натрий силикатын алу үшін құрамында 0,2 массалық үлес қоспасы бар кремний (ІV) оксидінің қандай массасы қажет?
Көптеген химиялық қасиеттер қышқылдықпен байланысты. Бұл қасиеттерге сәйкес затты қышқыл немесе негіз деп атауға болады.
Қышқылдар мен негіздердің болуы ежелден белгілі болған.
Лавуазье оттегін қышқыл түзетін элемент деп атады.
Либих қышқылдардың құрамында сутегі бар екенін анықтады.
Көптеген химиялық реакциялар қышқыл-негізді реакциялар деп аталады; және олардың барлығы да бейтараптандыру реакцияларына қатысты бола бермейді.
Қышқыл-негіздік туралы түсінік, әсіресе оның қалай дамығаны үлкен қызығушылық тудырады.
Аррениус бойынша қышқылдар мен негіздер.