Сабақ жоспары №4 Күні-айы: Топ: эм 07 Курс: I мамандығы: 1504000 фермер шаруашылығы



бет3/4
Дата13.02.2023
өлшемі0,5 Mb.
#67436
түріСабақ
1   2   3   4
Шапқылап кесу аспаптары.Шапқымен кесу кезінде кесетін аспаптар қашау және крейцмеисель, ал ұратын құрал-балға.Шапқы-көлденең қималы сопақша стержень. Крейцмейсель жіңішке ойықтар мен жырықшаларды шабуға арналған. Крейцмейсельмен металдардың қалың қабатында бірнеше жырықшалар ойылып, олардың арасындағы металды шапқымен шабады.
Металдарды егеумен өңдеу.Егеулердің көмегімен дайындама бетінен бір қабат материалды алу тәсілі металдарды егеулеу түрпілеу деп аталады.Егеудің механикалық және автоматтандырылған түрлері болады.
Дайындамаларды ию және түзету
Дайындамаларды ию процессі: Дайындаманың қалпын берілген сызба бойынша деформациялау арқылы кеңістіктегі қажетті пішінін жасайтын слесарлық операцияны айтамыз.
Түзету процессі: Балғамен плитаның үстіне қойып түзету. Жіңішке икемге көнгіш сымдарды арнайы жұмыр ағаш, металл бұйымға салып түзету, екі жалпақ ағаш арасынан ысқылап өткізу, бір түзудің бойына қағылған шеге арасынан өткізу арқылы түзету.
Техника қауіпсіздігі
Шапқымен метал кескенде қауіпсіздік техникасының ережелерін қатаң сақтау керек. Кескіш аспаптар, балғалар, егеулер, балға саптары ешбір сызат жарықсыз, ойлып сынған жерлері болмауы, балғанының басы сапқа мықты отырғызылуы керек. Метал кесу процесінде шапқының ұратын бөлігін емес, жүзін ауық-ауық қарау, металды кесіп болар кезде соққының күшін азайту керек, әйтпесе оның шеті ұшып, шапқы қолдан шығып кетіп көрші кісіге тиюі мүмкін. Дайындамаларды ию және түзеу және егеу кезіндегі құрал жабдықтардың жарамдылығына және ию, түзеу және егеу тәсілінің дұрыстығына назар аударылуы керек.
2.4. Студенттердің өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;
2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;
2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және студенттердің жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;
1.Техника қауіпсіздік ережесін жұмыс орнында қалай сақтаймыз?
2. Шапқылаудың негізгі тәсілдері мен ережелерін атаңыз?
3.Метал шабу процесідегеніміз не?
4. Қол қайшыларының түрлерін атаңыз?
5. Егеулер не үшін қолдланылады?
6. Металдарды ию және түзеу қалай жүзеге асады?
2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;
2.8. Студенттерге тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет