Ақтөбе құрылыс-монтаж колледжі
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Абай Құнанбайұлы Абайдың он жетінші қарасөзі
(сабақ тақырыбы)
Пән атауы: Қазақ әдебиеті
Дайындаған педагог: Әміржан А.Е
2024 жыл
Жалпы мәліметтер
Курс, оқу жылы, топ: 1курс
Сабақтың түрі: Білімді икемділік пен дағдыны жетілдіру сабағы
2. Мақсаты, міндеттер
2.1. - Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды, оларға сипаттама беріп,қарасөздерінен өзіндік түйін жасау
3. Күтілетін нәтижелер
3.1 - Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиетіндегі ортақ құндылықтарды анықтайды, оларға сипаттама беріп,қарасөздерінен өзіндік түйін жасайды.
4. Қажетті ресурстар
4.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттері: Қазақ әдебиеті, 10-кл
4.2 Техникалық құралдар, материалдар (қосымша): интернет желісі, смартфон, тақта
5. Сабақтың барысы: 1.Сәлемдесу
2.Түгелдеу
3. бұрынғы білімдерін еске түсіру
Жаңа сабақ:
Қара сөз (проза) - көркем әдебиеттің үлкен бір саласы. Өлең поэзиядан бір айырмасы - онда сөз ырғағы еркін, әдебиеттегі сөз саптау қалпына сәйкес келеді, өлеңдегідей қандай да белгілі өлшемдер сақталмайды. Қара сөзбен жазылған көркем шығармада өмір құбылыстарын, әр түрлі оқиғаларды баяндау тәсілі айрықша болады. Сөйтіп, әдебиетте өлең мен қара сөздің бір-біріне қарағанда жасалу жолдары да, мәні де, әсері де өзгеше келеді. Біраз уақыт поэзияға қарағанда қара сөз көркем шығармаға жатпайды дегендерде болды. Қара сөздің нақты сөз өнері екені орыс әдебиетінде Пушкин заманында терең таныла бастады. Расында поэзияға қарағанда қара сөздің кеш дамығаны белгілі. Сөйтсе де, ежелгі және орта ғасырда оның алғашқы белгілері болған. Ертегі, аңыздар қара сөз түрінде туған.
Кейін өлең-жырлардан қалыспай, қара сөзбен жазылған драма дүниеге келді. Мұның өзі әдебиеттің жаңа құбылысын танытумен бірге, сөз өнеріндегі сыртқы формалық және ішкі мазмұндық өзгерістерді де дүниеге әкелді. Кейде көркем сөз қара сөздің ауызекі әңгімеден, немесе жазба сөзден айырмасы шамалы деген пікірлер айтылған. Алайда, зерттеушілер пікіріне қарағанда және көркем сөз өнерімен айналысатын шеберлердің айтуына қарағанда, өлгіндей пікірлердің біржақты екені байқалады. Қара сөзбен жазылған шығарманың көркемдік қуаты ерекше көрінеді. Ойлау, бейнелеу, суреттеу арқылы қара сөздің ішкі мәні ашылады. Жазушы шығармасын оқи отырып, қара сөздің тапқыр да, ұтқыр қолданғанының куәсі боламыз. Жинақтап айтқанда, қара сөз арқылы эпикалық жанрлар туындайтынын байқаймыз. Арғы-бергі әдебиет классиктері көркем сөз арқылы адамзаттың рухани азығы боларлық туындылар жазып қалдырған. Әңгіме, повесть, роман-эпопеялар қара сөздің тікелей жемісі болып табылады. Абайдың қара сөзінің өзгешелігі бар, ол нақыл әңгіме түрінде алынған. Қара сөздер саясат, публицистика, философия тұрғысында жазыла береді. Ал қазіргі заманғы жазба әдебиетті алсақ, роман, повесть, көркем әңгіме сияқты алуан түрлі прозалық жанрлардың сөз өнерінің аса құнды, өнімді саласы ретінде жан-жақты дамып келеді.[1]
Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып,таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғының; өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.
Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.
Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты: - Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны да рас, бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол, пайдаң да мол, бірақ залалың да мол, кейде жақсылықты берік ұстап, кейде жамандықты берік ұстап кетесің, соның жаман, - депті.
-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе табылмайтұғыны да рас. Жаратқан тәңіріні де сен танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті. Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығарады.
- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен.
- Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп кітаптың айтқаны осы, — депті.Қанбақ шал
Достарыңызбен бөлісу: |