Жыл ішінде байкалатын ауа температурасының ең жоғары және ен төменгі көрсеткіштер айырмасын жылдық аиплитуда деп атайды. Жылдық орташа температура - жыл ішінде (он екі ай бойынша) байқалған орташа температуралардың арифметикалық орта шамасымен анықталады. Картадағы температурасы бірдей нүктелерді косатын сызық изотерма ( грек тілінде, isos - бірдей, therma - жылу деген мағына береді) деп аталады.
Жер шары бойынша жылудың таралу ерекшелігіне қарай 5 жылу белдеуі қалыптасады:
1.Ыстық белдеу немесе тропиктік белдеу - екі жарты шардың +20°С изотермалары аралығында орналасады; 2. Қоңыржай белдеулер - Солтүстік және Оңтүстік жарты шардың ен жылы айларының +20°C және +10°С изотермалары аралығында орналасады; 3. Суық белдеулер (полярлык) екі жарты шардың ең жылы жылы айларының +10°С пен 0°С және одан да төмен температуралар тән полюс маңы аймақтарында орналасады.