Сабақтың ортасы
5-10
10-25
25-35
|
Тыңдалым алды тапсырма
Мұғалім тыңдалымға дайындық жүргізу барысында оқушылардан туризм не білетіндерін сұрайды:
туризм
Яғни оқушылар туризм туралы білетіндерін ортаға салып ой бөліседі. Оқушылардан туризм, ішкі туризм, турист, аңыз, Бурабай, экономика саласы деген сөздердің мағынасын сұрап, білмейтіндерін толықтырады.
Тыңдалым тапсырмасы
ЖЖ
«Екі түрлі түсіндірме күнделігі» әдісі
Оқушылар «Туризм – экономиканың басты саласы» атты бейнебаянның алғашқы бөлігін мұқият тыңдайды.
Дәптердің бетін ортасынан тік сызып екіге бөледі. Алғашқы жартысына бейнебаянның тақырыбын тыңдап, онда не туралы айтылуы мүмкін деген болжамдарын жазады. Кіріспе бөлігін тыңдайды, күнделіктің екінші бөлігіне әрі қарай қандай мәселелер талқылануы мүмкін деген болжамын жазады. Бейнебаянды толық тамашалағаннан кейін бағанның екі жағына жазғандарын салыстырып, болжамдарының қаншалықты сәйкес келгендігін анықтайды.
Өзіндік бағалау: оқушылар дескриптор арқылы өз жұмыстарын салыстырады, бағалайды.
Дескриптор:
Күнделіктің алғашқы бөлігін толтырады;
бейнебаян үзіндісін тыңдап, кестенің екінші бөлігін толтырады;
бейнебаянды толық тыңдап болжамдарын салыстырады.
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма
Бурабай – қазақстандық туризм орталығы бола алады деген пікірмен қаншалықты келісесің?
Оқушылар ПОПС формуласы бойынша өз пікірін білдіреді.
Мен мынадай дәлелдер келтіремін...
Оның себебін... деп түсіндіремін.
Менің пікірімше,....
Олай ойлауға ... себептер бар.
|
1-тарапта
2-таратпа
«киелі орындық» әдісі
|