Байланысты: Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org
2. Басқару психологиясын стратегия тұрғысынан қарастыру. Стратегия - мақсатқа жетудің құралы, пайданы ең көп шамада алу үшін ресурстарды қалай пайдалану керектігін кеңінен ұғындыратын тұжырымдама. Мақсаттарға қол жеткізу бірқатар мәселелерді шешуді қажет етеді: стратегиялық. әкімшілік, оперативтік. Стратегиялық мәселеге өндіруге қажетті өнімдер мен қызметтерді тандау, осы өнімдерді сатуға болатын нарықтар мен тұтынушыларды таңдау жатады.
Бизнес мәселелері бойынша тәжірибелі маман фирманы жетістікке жеткізетін өзгеше стратегияларды танып, көре біледі.
Стратегияны таңдау барысында орталарға, әрекеттердің тактикалық мағынасына, бәсең және белсенді стратегиялардың таңдауына баға беріледі.
Стратегия ұйымның өз қызметінде басшылыққа алатын шешімді қабылдаудың тандау ережесі болып табылады. Ереженің төрт тобы бөліп көрсетіледі:
- осы шақта да және болашақта да фирма қызметінің нәтижелерін бағалауда пайдаланылатын ережеге (сапалық - бағдар, сандық - тапсырма);
- қандай өнім түрін және технологиялық әзірлеуді, бұйымдарды қайда өткізуге болатынын, бәсекелестерден қалай асып түсудің жолдарын анық анықтайтын сыртқы ортамен фирманың қатынасын қалыптастыратын ереже. Бұл ережелердің жиыны өнімдік-нарық стратегиясы немесе бизнес стратегиясы деп аталады;
- ұйым ішіндегі қатынас пен процедураны белгілейтін ереже. Оны үйымдық бәсеке деп жиі атайды;
- негізгі оперативтік тәсілдер деп аталатын фирманың өз қызметінде күнделікті жүргізетін ереже.
Стратегияны жасау процесі қандай да бір жылдам әрекетпен біте қоймайды. Әдетте ол фирманың өсуі мен позициясын нығайтуды қамтамасыз ететін жалпы бағыттарды белгілеу арқылы аяқталады.
Қалыптастырылған стратегия іздестіру әдістерінің стратегиялық жобаларын (нақты участкелер мен мүмкіндіктерге назар аударуды күшейтіп, стратегиямен қиыспайтын қалғандарын тастап) дайындауда пайдаланылуы керек.
Мақсаттардың жиынына қол жеткізудің ықтимал әр түрлі жолдары бар: бұл жолдар стратегия деп аталады. Мысалы, мақсат: неге қол жеткізілді? Үш жылдық кезеңді аяқтауға айналымды 50%-ға және пайданы 60%-ға өсіруді қамтамасыз ету.
Менеджментте мақсаттарға қол жеткізу үшін баламаны пайдалану қажет. Мысалы, мақсатқа жетудің баламалары:
- шығарылған өнімдердің есебінен нарықтың үлесін көбейту;
- шығарылатын өнімдердің атауын көбейту есебінен нарықты кеңейту;
- жаңа нарыққа, мүмкін болса, халықаралық нарыққа шығу;
- өндіріс шығындарын кеміту;
- түпкілікті өнімнің сатылу көлемін өзгертпей сатылас интеграция (вертикальной интеграции) есебінен өндірістің объектілерін ұлғайту;
- ағымдағы кәсіпорындарды сатып алу немесе қосу есебінен өсіру және т.б.
Басқа да стратегиялар болуы ықтимал. Ұйымның алдында төрт негізгі стратегиялық баламалар түр: шектеулі өсу, өсу, кеміту және осы үш стратегияны ұштастыру.
Шектеулі өсу. Көптеген ұйымдар шектеулі өсу болып табылатын стратегиялық баламаларды ұстанады. Бұл стратегияға ақпаратты ескеру арқылы түзетілген әрі қол жеткен межеден мақсаттарды белгілеу тән. Шектеулі өсу стратегиясы негізінде өз жағдайына қанағаттанатын тұрақты технологиялы өнеркәсіптің кемеліне келген (қалыптасқан) салаларында қолданылады. Ұйымның бұл баламаны таңдау себебі, ол ең оңай, әлдеқайда қолайлы эрі эрекет етудің қатері аз тәсілі. Егер фирма шектеулі өсу стратегиясын ұстану арқылы өткен шақта пайдаға кенелген болса, онда сол стратегияның жолымен жүреді.
Өсу. Өсу стратегиясы жыл сайынғы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді мақсаттардың деңгейін өткен жылдағы көрсеткіштердің деңгейінен елеулі асыру арқылы жүзеге асырылады. Бұл стратегия жиі таңдап алынатын екінші балама болып табылады. Ол технологиясын жылдам езгертіп отыратын динамикалы дамитын салаларда қолданылады. Оны тоқырауға үліыраған нарықты тастап шығу өз фирмаларын жан-жақты дамытуға, яғни әртараптандыруға (өнім номенклатурасының әр түрлілігі) ұмтылатын басшылар ұстануы мүмкін. Өсуі жоқ түрақсыз салалар банкротқа ұшырауды білдіреді. Тұрақты салалардағы өсудің болмауы немесе жан-жақты дамытудағы сәтсіздік пайданың түсуін тоқтатуға әкеп соғады.