Сабақ жоспары: Басқару туралы білімнің тарихи деректері


Жүйелік кешенді тұрғыдан қарастыру



бет9/32
Дата16.12.2023
өлшемі243,07 Kb.
#139865
түріЛекция
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32
Байланысты:
Лекция 1 Тақырыбы Басқару психологиясы туралы түсінік. Сабақ жо-emirsaba.org

Жүйелік кешенді тұрғыдан қарастыру
Жүйелік дегеніміз - күрделі жүйенің іс-қимыл жасау (жұмыс істеу) заңдылықтарын зерделейтін ғылым. Ол басқару және ұйымдастыру теориясының әдістемелік негізі болып табылады. Басқару мен жүйелі талдау әдістемесі, басқару процесіндегі құралдар ретінде оның қолданылу мүмкіндіктері мынаған негізделген: жүйелілік нақты өмірде орын алатын барлық күрделі объектілердің объективті ерекшелігін білдірмек.
Профессор Людвиг фон Берталанфи жүйелі тәсілдеменің әдістемесін кеңінен баяндап беруші ғалым. Ол 1937 жылдың өзінде-ақ «Жүйенің жалпы теориясын» алға шығарды.
Жүйені кешенді тұрғыдан (интегральными) қасиеттерге ие, өзара ықпалдасушы компоненттердің жиынтығы деп ұғуға болады. Ал, біріктіруші қасиет жеке алғанда осы элементтердің (компоненттер) бәріне бірдей тән емес. (Берталанфи анықтамасы).
Кез келген жүйенің ерекшеліктеріне жататындар:
- тұтастық (оның элементтерін құрайтын ерекшеліктер жиынтығындағы жүйелердің ерекшеліктері);
- құрылымдығы (жүйелерді оның құрылымын белгілеу арқылы сипаттау мүмкіндігі);
- иерархиялылғы жүйенің әр бөлігі белгілі бір дәрежеде өз сапасы болатын қосалқы жүйе ретінде көрінеді).
Жүйе ең алдымен, тұтас білім ретінде қарастырылады. Жүйе қандай да бір ішкі байланыстары болмайтын кездейсоқ обьектілердің жиынтығы емес, ол бір-бірімен өзара байланысты және өзара, ықпалдасу үстінде болатын, сыртқы әсерге жауап қататын тұтас организм секілді.
Жүйе тұтастық тұтастық тұрғысынан жеке пайда болатын элементтердің құрамында болмайтын жаңа қасиетке, жаңа сапалы сипаттамаларға ие болмақ.
Тұтастық нәтижесінің бірлескен жаңа қасиеттердің көз жеткізіп иландыратын үлгісіне еңбек процесіндегі жай кооперацияны жатқызуға болады. Жүйенің мүмкіндіктері оның құраушы элементтерінің жай жиынтықты мүмкіндіктеріне қарағанда әлдеқайда кен. Барлық жүйелерді шартты түрде үш түрге бөлуге болады:
- техникалық;
- биологиялық;
-әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық.
Бұл түрлердің өз заңдылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін құрайтын жақтары бар.
Менеджмент үшін әлеуметтік жүйенің маңызы аса зор. Кез келген әлеуметтік жүйе әркелкі жүйелер болып табылады, оған белгісіздік тән.
Әсіресе, үлкен айырмашылықты әлеуметтік-экономикалық жүйеден кездестіруге болады, оған өндірістік-шаруашылық кешендері (кәсіпорын, салалар, аймақтар, тұтас экономика) қатысты. Бұлай болатын себебі (яғни, жүйелердің әркелкі болуы), адам оның (жүйенің) ажырағысыз бөлігі болып табылады. Адам осы жүйелердің белсенді қалыптастырушысы, жүйелердегі байланыстар меп қатынастардың сипатын танытып, оларды жұмыс істетеді әрі дамытады. Әлеуметтік-экономикалық жүйенің басты ерекшелігі - оның басты компоненті адам болғандықтан бұл жүйенің негізінде адамдардың мүддесі жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет