Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысуын тексереді. «Көңілді сәлемдесуді» өткізеді. Мұғалім оқушылармен бірге айтады: Жалпыадамзаттық құндылықтар бойымда, /қолымен жүрекше жасайды/ Әркез оны жарыққа шығару ойымда, /қолын жоғары көтереді/ Асығамын мен жақсылық жасауға /қолын жоғары қозғап, нұр шашады/ Жақсы адамдар көп болады жолымда! /шапалақтайды/
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Мұғаліммен бірге өлеңді қайталап айтады, Қимылдар арқылы сергіту жаттығуларын жасайды.
Оқулық, мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал.
2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру(әңгімелеу) (3-5 мин)
Ы. Алтынсариннің «Жомарт» атты өсиет әңгімесін сұрайды. Мұғалім оқушыларды мәтін бойынша құнды ой түюге жетелейді, сұрақтарға жауап алады. Сұрақтар:
Атымтай жомарттықты қалайша түсіндірді?
Жомарт адамдардан қандай үлгі алуға болады?
Жомарт адам болу үшін қандай іс әрекеттер жасау керек деп ойлайсыңдар?
Жомарт болу барлық адамның қолынан келе ме?
Сеніңше жомарттықты тағы қалай көрсетуге болады?
Мұғалім сұрағына жауап бере отырып, кейіпкердің жомарттығы, кеңпейілділігі, қолы ашықтығы, көңілінің тазалығын адам
бойындағы асыл қасиет екендігін түсініп, ой түйеді.