Сабақ жоспары Бөлім 3 Қоғамдағы өмір


Жағымды ой-пікір (дәйексөз)



бет3/5
Дата17.05.2022
өлшемі30,39 Kb.
#34815
түріСабақ
1   2   3   4   5
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз)

«Ата-ананың қадірін білмеген-ел қадірін біле алмас»

Бауыржан Момышұлы


-Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

- Ата-ананың қадірі деген сөздің мағынасы қандай?



Мұғалім дәйексөзді қорытындылап, дәптерге жазуды ұсынады.

  1. Оқушылар Бауыржан Момышұлының қанатты сөзінің мағынасын талқылайды және бірнеше рет қайталау арқылы есте сақтап, дәптерге жазады.

Оқулық, интерактивті тақта.

4. Оқиғаларайту (әңгімелесу)



Әңгiмелеу 

             Жалғыз хат                

КамилаҚұдабаева

Анасының үйге кеткеніне екі-үш күн өтпей-ақ Гүлзейнеп одан хат алды.Кешкілік жұмыстан қайтқанда, әдеттегідей почта жәшігін ашып, ішіне қолын жүгіртті.Газет-журналдармен қоса қолына қомақты бір хат ілікті. Бұл қайдан келген «семіз хат?»деп Гүлзейнеп сәл таңырқай конверт сыртына көз жүгіртіп еді, адресі ауыл жақты көрсетіп тұр. Әрі хат жазған қол – өз анасыныкі екенін таныды.

«Не боп қалды екен, өмірі хат жазбаған адам еді, әлде жүрегінің сырқаты қайта ұстап қалды ма?!»,-деп қауіп ойлап, баспалдақтармен жоғары көтеріліп келе жатып-ақ бөлмеге жеткенше шыдамай конверттің шетін жыртып ашты. Үйге кіре сала бірнеше бетке созылған хатты оқи бастады.

«Балам», - деп бастапты анасы хатын.

- Осыны алған беттен-ақ сенің шошып кеткеніңді сеземін. Себебі бұдан бұрын саған хат жазып көрген жоқпын ғой, жалпы балаларымның бірде-біреуіне осы кезге дейін хат жолдамаппын. Бәлкім, оның қажеті де болмаған шығар. Әлде ақ қағазды алдына алып отырған адам тек имандай шынын ғана жазуы керек деп ойлайтыным тежеп келді ме? Яки, мына біздер, соғыс дегеннің өзініңде одан кейінгі бар-жоғының да азабын тартқан әйелдер-нені де болса іште сақтауды әдетке айналдырып үйрендік пе, кім білсін. Әйтеуір, қолыма қалам алуымда, осы хатты бастап жазуымда өзіме оңай соқпады. Бірақ әйтеуір саған бір септігі тиеме деп, сол ауыртпалықтың бәрін жеңгендей боп, осы хатымды жазып отырмын.

Балам, мен ауылға кеткенде көңілің қатты басылып қалғанын байқадым. Менің де, шынын айтсам, еңсем түсіп, ет - жүрегім езіліп, ауылға құр сүлдем жетті. Неге сонша мүжілгенімді білмеймін. Әйтеуір, осы жолы бәрінен баз кешіп кеткім де келді.Бес баланы асырап –бағудың қиындығын әкеңнің барында онша сезбесем керек.Тұрмыстағы қиын нәрсе сендерге жейтін нан, киетін киім тауып беру ғана емес-тін. Біреуден ілгері, біреуден кейін бізде өлмес күнімізді көрдік қой.Жаман атқа қалмай, әйтеуір сендердің беттеріңе шіркеу түсірмей,қатарыңнан кем қылмай өсіруге тырыстым. Әкең марқұм соғыстан алып келген жарадан қайтты ғой. Көзін жұмарда, «Екеумізді табыстарған тағдырға алғыстан басқа айтарым жоқ. Бес бірдей баламен артымда жалғыз қалып бара жатқанын жаныма бәрінен де қатты батады. Ақылың бар адамсың, сен жыламай жүрсең мен де көрде тыныш жатамын...»,-деп кетіп еді. Бірақ қанша қиналсам да, мен сендердің көздеріңді жәудіретіп қойған емеспін. Қайта әкеңнің айтқан сөзі мені жерге қазық қаққандай шегелей түсті. Оның адалдығымен адамгершілігін өмір бойы кіршіксіз ұстандым. Баласына жақсылық тілемейтін ата-ана бар ма өмірде?

Е-е …қарағым, жұбайлық өмірді алып жүруде мемлекетті басқару ісі секілді қиын шаруа... Орыс халқының бір әдемі сөзін оқып едім: «Еркек үйдің бір бұрышын ұстап тұрады, қалған үшбұрышты тіреп тұратын-әйел деген...Солсөзөтеорындыайтылғандепойлаймын…..» .

СоңғысөздердіоқығандаГүлзейнептіңкөзіненүлкенжастамшысытырсетіпхатқатамып,

бірталай жазуды айғыздап, жайылып бара жатты.
Сұрақтар:

1.Гүлзейнеп  хатты оқығанда қандай сезімде болды?

2.Ананың балағадегенсүйіспеншілігінсендерқалай  түсінередіңіздер?

3.Неліктен анасоншақиыншылыққатөзді?

4.Анасы қызын қалай жігерлендірді деп ойлайсыздар?

5. Баланыңанағадегенруханиішкісезімінен не байқалады?

6.Анасы өзінің көрген қиыншылығы арқылы қызына нені түсіндіргісі келді?

Оқушылар мәтінді тыңдап, талқылау сұрақтарына жауап береді.Жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын ашу аша отырып, анасының қызына деген сүйіспеншілігі негізінде оқушылар мейірімділік, қайырымдылық, еңбекқорлық қасиеттерінің маңызын түсінеді.


Мәтін интернет желісінен алынған





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет