8. Сабақтың қорытынды сәті
|
Адамның ардақты аты мол байлықтан артық. Адамның нағыз адам болудан басқа мақсаты болуы мүмкін емес. Адам жақсылықты арман етсе, бәрі де жақсы болады. Адамның ардақты атқа сай болуы өзін-өзі тәрбиелеуімен, шындық жолымен жүруімен, рухани біліммен сусындауымен, талмай ізденуімен келетін қажырлы еңбек. «Ғалымның хаты қалар, жақсының аты қалар», деп халық бекер айтпаған. Адам деген асқақ атқа лайықты болу үшін адалдық, әділдік, кішіпейілділік, батылдық, мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерін іс жүзінде кӛрсете білуі тиіс. Жақсы атқа ие болу және оны сақтап қалу – адамның ӛз қолында
|
Оқушылар рефлексия жасайды.
|
Баяу музыка қойылады.
https://www.youtube.com/watch?v=_-m3YhxJ8U0
|