Ұйымдастыру кезеңі
(1 мин)
Жағымды көңіл күй
(3 мин)
|
Оқушылармен сәлемдеседі, түгендейді.
«5-Т» ережесімен еске түсіреді.
1.Тәртіп
2.Талап
3.Тыныштық
4.Тазалық
5.Татулық
Мұғалім «Нұрға бөлену» жаттығуын өткізеді.Балаларды жағымды көңіл - күйге келтіреді.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді
түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды
айқастырмаңыз. Қолыңызды
тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің
төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап
барады. Балғын және таза
әсем ой сіздің әр ойыңызды, әр
сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек
қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің
қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге
тарады. Тіліңіз тек шындықты және
жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды
құлақтарыңызға бағыттаңыз,
құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем
әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де
жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен
жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз
түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек
ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана
бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан
жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды
туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге,
достарыңызға, таныстарыңызға
бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей,
ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,
олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға,
жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық
тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық
түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша
айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің
ішімде... Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге
орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем
сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем
қалыпта сақтаңыз.Жайлап ойымызды
жинақтап, сабағымызға назар салайық.
Рақмет!
Нұр сәулесі сендерге қалай әсер етті?
Қандай күйде болдыңдар?
|
Оқушылар сабаққа дайындығын көрсетеді.
Оқушылар нұрға бөлену жаттығуын жасап, терең ойлауға бейімделеді.
«5 – Т» ережесін еске түсіреді.
Алған әсерлерімен бөліседі.Зейіндері шоғырланады.
|
Жалпы білім беретін мектептің 2 – сыныбына арналған оқулық /Р.Ә.Мұқажанова, Г.А.Омарова, Ж.Ж.Әкімбаева Р.О.Ізғұттынова, Г.У.Кошкеева, Н.М.Оналбаева, Б.С.Ахатаева – Алматы,2017. – 144 бет.
Волшебная Композиция Хрустальная грусть
https://stand.hitplayer.ru/
|