2. Алдын ала берілген үй тапсырмасын тексеру (әңгімелеу)
(3-5 мин)
«Бақытты отбасының сыры» өсиет әңгімесінің мазмұнын сұрайды, сұрақтар қояды. Сұрақтар:
Отбасы жылулығы мен саулығы кімге және неге байланысты деп ойлайсыңдар?
Отбасы салауатты болу үшін қандай құндылықтармен өмір сүруі керек?
Өз отбасыларыңды салауатты отбасы деп санайсыңдар ма? Неліктен?
Сұрақтарды оқып оқушылар жауап беріп, жауаптарын айтып пікір білдіреді.
Оқулық,
№15 сабақ,
49-бет
3. Жағымды ой-пікір (дәйексөз) (4 мин)
«Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасындағы құрақ.»
Мақал
Дәйексөзді ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет, хормен 1 рет қайталайды.
Сұрақтар:
Әкені асқар тауға, ананы бұлаққа, баланы құраққа теңеудің сыры неде?
Отбасының әрбір мүшесінің рөлі қандай?
Өз отбасыларыңда қалай қызмет жасап жүрсіңдер?
Мұғалімнің түйіндемесі.Отбасының әрбір мүшесінде жақсы ниет, жақсы сөз бен ізгі іс – әрекет болғанда ол отбасы салауатты отбасы болады.
Оқушы мұғаліммен бірге дәйексөзді бірнеше рет қайталайды, дәптерге жазады. Дәйексөздің мағынасын ашады.
Оқулық,
№15 сабақ,
50-бет
4. Оқиғалар айту (әңгімелесу) (8 мин)
Е.Жакаевтың «Қарлығаштың ұясы» әңгімесін айтып береді.Мазмұны бойынша сұрақтар қойып, оқушыларға талдатып, мәнін ашады.
Марлен кішкентайынан елгезек, досқа жанашыр, атасының үйреткен тәлім тәрбиесіне сусындап қанып ішкен қайырымды бала болатын. Әдеттегідей жаздың ми қайнатқан ыстық күндерінің бірі еді. Бейсенбай қарттың кіші немересі Марлен ойын ойнап тысқа шыққан еді. Көшенің арғы бетіндегі көрші үйдің ауласынан бір топ балалардың өз істеріне мәз болып, дүркірей қаша жөнелгенін көрді. Артынша жан ұшыра шырылдаған қарлығаштың қанатымен жер сыза сабалаған даусына шыдай алмай жетіп барды. Өз көзіне өзі сенбеді, бұзылған ұядан жерге құлаған бес балапанның үшеуі тіріде, екеуінің хәлі нашарлап қалыпты. Дереу тірі қалған балапандарды босаған сусын ыдысына салып, оны жіппен жоғарыға байлап қалпына келтірді. Сәлден соң өздеріне көмек қолын созған балақайға алғысын айтқандай қос қарлығаш Марленнің үстін шыр айнала ұшты.
Оқиғаны естіген Бейсенбай қарт кішкентай Марленді жанына шақырып:
Ата ақылын тыңдап өскен, салауатты отбасының баласы әрдайым ізгі істердің ортасынан табылады. Өркенің өссін балам! – деп ақ батасын берді.
Сұрақтар:
Қарлығаш қандай құс? Оларды адамдар неліктен қорғайды?
Балалардың қарлығаштың ұясын бұзғаны дұрыс па?
Марленнің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?
Бейсенбай қарт не үшін немересіне риза болды?
Сендер Марленнің орнында болсаңдар не істер едіңдер?
Оқушылар оқиғаны тыңдағаннан кейін, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, өз пікірлерін білдіреді.