8.3.2.7 – отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерін анықтау. Отынның жануы кезінде бөлінген жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдану
Сабақтың мақсаты
Оқушылар отынның энергиясы, отынның меншікті жану жылуы ұғымдарын сурет, эксперимент, кесте арқылы тұжырымдау және отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептей алу.
Отын түрлерін біле алады.
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерінің, кесте бойынша отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсінеді.
Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептейді.
Қазақстан энергетикасындағы негізгі отын қорларын біледі.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, сынып оқушыларының сабаққа қатысуын қадағалау.
Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіру үшін тест тапсырмасын орындайды.
1. Жылу мөлшерін есептеудің формуласы:
А)
Ә)
Б)
В)
2. Жылу мөлшері дегеніміз не?
А) Жылу берілу кезіндегі энергия
Ә) Қалыпты жағдайдағы энергия
Б) Жұмыс кезіндегі энергия
В) қозғалыс кезіндегі энергия
3. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?
А) Дж
Ә) 1 Кл
Б) 1 Н
В) 1 кал
4. Массасы 10кг шойынды 10 С- тан 100 С-қа дейін қыздырғанда қанша жылу мөлшері беріледі? ( С= 540 Дж/кг С)
А) 486 кДж
Ә) 240 Дж
Б) 590 кДж
В) 476000 Дж
5. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі?
А) Дж/кг
Ә) Н/кг
Б) Г/град
В) Дж/кг С