Қолдану.(I) Жеке жұмыс «Кім жылдам» әдісі арқылы деңгейлік есептер шығару.
І деңгей
1-нұсқа. Массасы 15 кг тас көмір толық жанғандақанша энергия бөлінеді?
2-нұсқа. Массасы 3 кг керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Бағалау критерийі: Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептейді.
Дескрипторлар: 1. Есептің берілгенін жазады.
2. Отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшері формуласын жазады.
3. Отынның меншікті жану жылуын кестеден табады.
4. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін дұры есептейді.
ІІ деңгей
1-нұсқа. Қысқа 3 м3 қайың отын мен 2 т тас көмір дайындалған. Осы дайындалған отындар тоық пайдаланылған болса, онда пештен қанша жылу мөлшері бөлінген?
2-нұсқа. Егер пеште көлемі 10 дм3 қайың отын және массасы 5 кг шымтезек жанған болса, онда одан қанша жылу бөлінеді?
Бағалау критерийі: Екі түрлі отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептейді.
Дескрипторлар: 1. Есептің берілгенін жазады.
2. Отын жанған кезде бөлінетін жылу мөлшері формуласын жазады.
3. Өлшем бірліктерді ХБЖ-не айналдырады.
4. Отынның меншікті жану жылуын кестеден табады.
5. Отын жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептейді.
ІІІ деңгей
1-нұсқа. Двигателінің қуаты 80 кВт мотор тоқтаусыз жұмыс істегенде 0,25 сағатта 4 кг керосин пайдаланса, мотордың ПӘК-і қандай болғаны?
2-нұсқа. Қуаты 55 кВт болатын «Волга» автокөлігі 1 кВт-қа 0,31 кг бензин жұмсаса, оның қозғалтқышының ПӘК-і қандай?