III.Түсіну. 1.Логикалық /шағармашылық/ тапсырма
«Ой қозғау» әдісі: Ұзындығы 8 см, ені 4 см, биіктігі 5 см параллелепипедті 1 см қабырғасымен бірдей кубиктерден қосты. Ол үшін неше кубик қосты. Ол үшін неше кубик қажет болды?
V=8*4*5=160 см3 ҚБ:Оқытушының кері байланысы
2. Формуланы қолданып есептеулер жүргізу
Жұптық жұмыс
Тікбұрышты параллелепипедтің ұзындығы 12 см, ені 8 см және биіктігі 20 см. Осы параллепипедтің
а/ бүйір бетінің ауданын
ә/ толық бетінің ауданын есептеңіздер.
Sб.б.=2c(b+a)= 2*20(12+8)=800см2 Sт.б.=2 Sтаб+ Sбб=2 *12*8+800=192+800=992 см2 Дескриптор: -формуланы қолданып тік бұрышты параллелепипедтің бүйір бетінің,
- формуланы қолданып толық бетінің ауданын есептейді.
Саралаудың «Қарқын» әдісімен кейбір білім алушылардың басқаларға қарағанда жылдам жұмыс істейтіндігін ескеремін.
ҚБ: Оқытушының кері байланысы
Слайд
IV. Қолдану. Практикалық тапсырма
PISA Халықаралық зерттеулер форматындағы функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған тест тапсырмалары бойынша есеп. Жөндеу жұмысы
Ержан жуынатын бөлменің қабырғаларына плитка жапсырмақшы болды. Жуынатын бөлме ұзындығы 3 м, ені 2 м және биіктігі 2,5 м тікбұрышты параллелепипед қалпында. Бөлменің плика жабыстырылатын қабырғаларының аудандарын анықтаңдар. Қабырғалардың бірінде ені 1 м және биіктігі 2 м есік бар екенін ескеріңдер.
Sб.б.=2c(b+a)= 2*2,5*(2+3)=25м2 –жалпы қабырға ауданы
Se=2*1=2 м2- есік ауданы
Sб.б.п=25-2=23м2 Тапсырманы орындау барысында саралап оқытудың *Креативтілік қағидаты* қолданылады. Студенттер өздерінің алған білімдерін мамандыққа байланысты тәжірибеде пайдаланып, шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете алады.
Тапсырма функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған
Дескриптор: Бөлменің плита жапсыратын бетінің ауданын анықтайды.
Тақырып бойынша формуланы өмірде, практикалық жағдайда қолдана білуге үйренеді.