Естірту. Кӛңіл айту. Қазақтың ертедегі салты бойынша, адамның, кейде
бүкіл елдің басына түскен ауыр қайғыны, үлкен қазаны ӛлең-жыр, әңгіме-күй
арқылы естіртетін болған.Біреудің жанашыр туысы, не баласы немесе елдің
ардақтайтын адамы мезгілсіз қазаға ұшыраса, оған ескі салтқа сәйкес естірту
айтқан.Ауыр қайғыны, кӛңілдегі күйзелісті жеңілдететін де, солардың кірін
кетіретін де ӛлең-жырлар, күй сазы деп түсінген халық естірт және кӛңіл
айту жайында әртүрлі шығармалар тудырған.
Жоқтау. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан салтында ӛлген
адамды еске түсіру, оған арнап жоқтау шығару елеулі орын алған.Біреудің
жанашыр жақыны, сүйікті баласы ӛлсе немесе халықтың қадірлейтін адамы
қаза болса, соларды жоқтап ӛлеңоррр-жыр шығару салтқа айналған.Әдетте,
жоқтауды ӛлген адамның әйелі, шешесі, апасы не қарындасы айтатын болған
және олар жоқтауын ӛздері шығаруға тырысқан болған.Мұнымен қатар
белгілі жоқтауларды ақындар шығарған.Қазақтағы кейбір батырлар
жырының біраз әңгімелері жоқтау негізінде туған деп М.Әуезов айтқан
пікірді орынды деуге болады.Бұған мысал ретінде «Қобыланды батыр»
жырын алайық.Жырдың бірсыпыра әңгімелері «қоштасу», «жоқтау» арқылы
баяндалады.Тоқтарбайдың, Аналық пен Құртқаның жоқтауларында
Қобыланды батырдың кім екендігі, ел қорғауда жасаған ерлік істері
суреттеледі.Демек, жоқтау ӛлеңдерінің ӛлген кісіні еске түсіру үшін ғана
емес, ол ауыз әдебиетінде адам бейнесін жасау, әсіресе батырлар бейнесін
беру үшін де мәні бар деп қараймыз.
Жоқтау ӛлеңдерінің қазақтың ертедегі ауыз әдебиетінен ғана орын
алып қойған жоқ.Оның бергі әдебиетімізде де,тіпті жазба әдебиетімізде де
кездесетін әдеби түрге айналғанын байқаймыз.Бұған мысал етіп, халық
әдебиетінің үлгісінде Абайдың, Махамбеттің, Жамбылдың шығарған
жоқтауларын атауға болады.Бұлардың жоқтауында Әбдірахман, Исатай,
Алғадайлардың халық үшін істеген істері суреттелді, олардың озық бейнесі
жасалады.