Сабақ жоспары: Үйлену ғұрпына байланысты ӛлеңдер. Магиялық фольклор



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі228,36 Kb.
#53935
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6


Модуль 2. Фолклордың жанрлық түрлері 
 
Дәріс № 3 Тақырыбы: Отбасылық жырларының ғылыми зерттелуі. 
Наным-сенімдерге байланысты ӛлеңдер
Сабақ жоспары:
1. Үйлену ғұрпына байланысты ӛлеңдер. 
2. Магиялық фольклор. 
Дәрістің мақсаты мен міндеттері: Халық ӛлеңдерінің зерттелу тарихы мен 
классификациясы. Ауру адамды немесе ауру малды емдеу үшін ертеде 
арнаулы кӛш ӛткізген.Мұны қазақтар «бәдік кӛші» деп атаған.Бұл кешке 
жұрт, әсіресе жастар жиналып, ауруды ортаға алып емдемек болған.Адамға 
не малға ауру, індет жіберетін құдай бар деп түсінген халық, «бәдік кешінде» 
сол құдайға тіл қату, ықпал ету, ӛлең арқылы ӛтініш жасау, жалынып-
жалбарыну ырымын істеген.Сол үшін «бәдік кешіне» жиналаған жігіттер мен 
қыз- келіншектер екі жақ болып айтысқа түскен. 
Дәрістің мазмұны: Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Тұрмыс-
салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың 
проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт 
жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, 
әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.
Отбасы салтына байланысты ӛлең түрлері. Сыңсу, жұбату, той бастар, жар-
жар, беташар, той тарқар. Ӛлген кісіге байланысты айтылатын естірту, кӛңіл 
айту, жоқтау ӛлеңдерінің салтпен байланысы. Тұрмыс – салт жырлары – 
қазақ халқының әдет – ғұрып, салт – жораларына байланысты туындаған 
ӛлең – жырлар. Ал сол тұрмыс – салт жырларын әр ғалым ӛзінше жіктейді.
М.Әуезов «Әдебиет тарихы» ( 1927 ) деген еңбегінде тұрмыс-салт жырларын 
сыршылдық салт ӛлеңдері деп атап оларды 2 түрге бӛледі. 
1.Жалпақ елдің салтымен байланысқан шер ӛлеңдер (наурыз, жарапазан, бата 
беру ) 
2.Қыз ұзату үстіндегі салт ӛлеңдері (жар-жар, сыңсу, беташар, тойбастар). 
А.Байтұрсынов тұрмыс-салт ӛлең –жырларын сарындама деп атайды.Ол 
ӛзінің «Әдебиет танытқыш » деген 1926 жылғы еңбегінде атап, 3 түрге
бӛледі. 
1. «Салт сӛзі» 
2. «Ғұрып сӛзі» 
3. «Қалып сӛзі»,- деп ӛзгеше жіктейді. 
Б.Кенжебаев тұрмыс – салт жырларын «арнайы бір салт шартын орындау 
ретінде айтылып қолданылатын ӛлеңдер»,- дейді және 4 түрге 
бӛледі.Олар: 
1.Мал шаруашылығы жайлы ӛлеңдер. 
2.Діни - салт ӛлеңдер. 
3.Үйлену ӛлеңдері. 
4.Мұң- шер ӛлеңдер. 
Ә.Қоңыратбаев елдің тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, түрлі наным-
сенімдерге байланысты туған сюжетсіз ұсақ ӛлеңдерді «Тұрмыс-салт» 


жырлары деп атайды.Бұл жырларды олардың мазмұны мен 
тақырыбына қарай бірнеше түрге бӛлген.Олар: 
а) бақташылық жырлары(тӛрт түлік мал туралы); 
ә )діни әдет-ғұрыптар тудырған жырлар(жарапазан, бәдік); 
б )үйлену жырлары (тойбастар, жар- жар, сыңсу, жұбату, беташар); 
в )ұлыс жырлары; 
г)бӛбек жырлары;жаназалау жырлары (естірту, қоштасу, жоқтау), т.б. 
осылайша бӛлінеді. 
М.Ғабдуллин қазақтың Қазан кӛтерілісіне дейінгі ауыз әдебиетінде халықтың 
тұрмыс-салтына байланысты туған шығармаларды бірнеше түрге 
бӛледі.Соның ішінде бастылары мыналар: 
1.Тӛрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы. 
2. Үйлену салтына байланысты. 
3. Діни ұғымға байланысты. 
4. Кӛңіл-күйін білдіретін шығармалар. 
Шартты түрде болса да, осындай тӛрт салаға бӛлінген шығармалардан
қазақ халқының ертедегі тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы , діни ұғымдары, 
арман-мүддесі қандай екендігін аңғаруға болады. Ал осындай 
жіктеулерді біле отырып, Мәлік Ғабдуллиннің жіктеуіне кеңінен 
тоқталып анықтама беретін боламыз. 
1.Төрт түлік мал, еңбек-кәсіп жайындағы.
Қазақ халқы кеңестік заманға дейін, негізінде, кӛшпелі жағдайда болды да, 
мал шаруашылығымен кәсіп етті.Халықтың күн кӛрісі, тұрмыс-тіршілігі тӛрт 
түлік малға байланысты еді. Жесе-азық, кисе-киім, мінсе-кӛлік дегендей
кӛшпелі жағдайда ӛмір сүрген, экономиканың басқа түрі дамымаған қазақ 
халқы үшін тӛрт түлік мал тіршілік тірегі болды. 
Ӛзінің тұрмыс- тіршілігінде осындай ерекше орын алған, пайдасы тиіп, 
қызметі сіңген тӛрт түлік мал тіршілік тірегі болды.Бұлардың бәрінде де мал 
шаруашылығымен кәсіп еткен адамның тӛрт түлік мал жайындағы 
кӛзқарасы, ой-арманы, тілек-мүддесі кӛрініп отырады. Ауыз әдебиетінде 
тӛрт түлік мал жайындағы шығармалардың кейбір үлгілері ӛте ерте заманда, 
адамдардың жаратылыс сырын түсіне алмаған кезінің ӛзінде- ақ туа 
бастаған.Шоқан Уәлиханов «Шамандықтың қазақтардағы қалдығы»дейтін 
еңбегінде, М.Әуезовтің «Қазақ ертектері» туралы жазған зерттеуінде тӛрт 
түлік мал жайындағы шығармалардың алғашқы үлгілері ертедегі адамдардаң 
ой- ӛрісі тӛмен сатыда тұрған кезінде шыққандығын айтады. 
Тӛрт түлік мал жайында шығарылған әңгіме, ӛлең-жырлардың алғашқы 
үлгілері ерте заманда туып, бертін келе дами береді.Тұрмыс-тіршілігі тӛрт 
түлікке байланысты болған шаруа адамы мал баласын қадірлеп, ардақтай 
түседі.Сондықтан да ол тӛрт түліктің иелеріне жалынып, жалбарынады. 
«Малға аура, індет жіберме, одан сақтай гӛр, малымызды ӛсімтал ет»,-деп, 
тӛрт түліктің иелеріне тіл қатады. Әдебиетші Қ.Жұмалиевтің айтуына 
қарағанда: «Мал бағып күн кӛрген ертедегі адамдар ӛзі жасаған ауыз 
әдебиетінде ең жақсы бейне, теңеулерді әртүрлі жануарлардың ӛмірінен алып 
отырған. «Бұған,-дейді Қ.Жұмалиев,-екі себеп бар, біріншіден, тӛрт түлік 


ғасырлар бойы адамның ой-санасынан ұнамды орын алған;екіншіден, тӛрт 
түліктің қайсысы болса да кӛпке белгілі, сол белгілі нәрсе арқылы белгісіз 
нәрсені елестеткен».Осы пікірді қазақ әдебиетін зерттеуші ғалымның бірі 
Б.Кенжебаев та айтады: «Қазақ халқы ,-дейді Б.Кенжебаев, - малға сыр 
мінез.Адамның келбетін, түсін, сиқын, жақсы-жаман мінезін, қылығын 
айқындап кӛрсету үшін, оны малдың мүшелеріне, мінезіне салыстырады, 
сӛйтіп, әртүрлі теңеулер жасайды. Осылайша ғалым ӛз еңбегінде тӛрт түлік 
мал, еңбек-кәсіп жайындағы шығармаларға анықтама бере келіп, мұның 
ішіндегі ауыз әдебиетінің тӛмендегідей түрлерін енгізіп, қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет