Сабақ жоспары: Үйлену ғұрпына байланысты ӛлеңдер. Магиялық фольклор



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата30.11.2022
өлшемі228,36 Kb.
#53935
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Наурыз туралы ӛлеңдер. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілік ӛмірінде, әдет, 
салтында елеулі орын алған және ерте кезде мерекелеп ӛткізетін күннің бірі-
Наурыз. Қазақ арасында ұлыс күнінің құрметпен той жасап мерекеленуі
әдебиетші ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, ислам діні қабылданбастан 
бұрын шыққан.Бұл күнді қазақтардың зор құрметпен қарсы алу себебі, сол 
кездегі кӛшпелі жағдайда ӛмір сүрген халықтың тұрмысына байланысты еді. 
Бесік жыры. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан әдет-ғұрып 
салтының бәрі де оның ауыз әдебиетінен орын алған.Мұны ол ескі кездің 
елесі есебінде кейінгі жас ұрпаққа ӛлең арқылы жеткізген.Қазақтың ескі 
әдет-ғұрып, салтында елеулі орын алған нәрселердің ішінен аңыз-әңгіме, 
ӛлең-жырға қосылмағаны жоқ деуге болады.Адамның тууынан бастап, 
қартайғанға дейінгі ӛмірі, тұрмысында кездескен, басынан ӛткен 
жайларының бәрі де ауыз әдебиетінде суреттелген.Жаңа туған жас балаға 
арнап «шілдехана», алғаш рет жолға шықса «тоқым қағар» деген секілді 
ырымдар жасалған.Осының бәрі ойын-сауық, ӛлең түрінде ӛткен және олар 
қазақтың жалпыға бірдей салтына айналған.Осындай салттан туған ӛлеңнің 
бір түрі-бесік жыры. 
Арбау, жалбарыну ӛлеңдері. Қазақ ауыз әдебиетінде ескі шамандық ұғымға 
байланысты туған ӛлеңдердің бір тобы-«күн жайлату», «бұлт шақыру» деп 
аталады.Бұл ӛлеңдер жауын-шашын болмай, құрғақшылық жағдайға 
ұшыраған кезде айтылған.Оларды айту үшін белгілі шарт, ырым жасалынған, 
қылаң не ақ боз мал сойыған.Жалбарыну, арбау ӛлеңдері ертедегі 
адамдардың ой-дүниесі қандай болғандығын аңғартады.Бұл алуандас 
шығармалар адам қаласының сана-сезімі тӛмен сатыда тұрған кезінде
қараңғылық пен надандық дәуірлеп тұрған жағдайда туғандығын 
дәлелдейді.Сондықтан да бұл шығармалар кӛп заман бойына қазақтың 
ескілікті тұрмыс-сатымен ілесіп келгендігін білдіреді. 
Бақсы сарыны. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеушілердің айтуына 
қарағанда, «бақсы» деген сӛз және оған байланысты ұғым ерте заманда, 
шамандық дінге сүйенген кезде туған.Бұл ұғым жалғыз қазақ арасында емес, 
түрік тектес елдер мен моңғолдарда болған.Олардың бәрі де ерте кезде 
«бақсы» деп-оқытушы, ұстазды, балшы-дәрігерді, қобызшы-күйшіні, 
музыкантты, ақынды атаған. 
Бақсы сарыны қараңғы арасында Қазан кӛтерілісіне дейін орын алып 
келді.Бұл сарынды бақсы-балгерлер пайдалана отырып, дін үгітін жүргізу, 
халықтың басын айналдырып, ескі наным-сенімге табындыру жағын 


қарастырды.Сондықтан да біз бұл сарындарды ӛткен кезде, адамдардың 
дүниетанудағы ой-ӛрісін, кӛзқарасын аңғару үшін ғана атап ӛтеміз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет