Сабақ жоспары: Күні



Дата07.01.2022
өлшемі18,61 Kb.
#18803
түріСабақ
Байланысты:
1 сабақ жоспары


 1 сабақ жоспары: Күні:19.03.2021

Сабақ тақырыбы:Информатика кабинетіндегі қауіпсіздік ережелері.

Сабақ типі: жаңа білімді игеру



Мақсаты: Оқушыларға қауіпсіздік ережені жазғызу арқылы компьютерде жұмыс істеуді түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік:  Оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіру және компьютерді дұрыс қолдануды көрсету.

  2. Дамытушылық: Оқушыларға есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі бойынша компьютерге дұрыс отыру, шаршаған кездегі жаттығуларды жасауды көрсету.

  3. Тәрбиелік:Оқушылар информатика кабинетінде техникалық ереже бойынша тәртіп сақтау және еңбекке баулу.

Сабақтың әдісі:

Құрал – жабдықтар, көрнекті құралдар:

Суреттер, көрмелер



Сабақ барысы. 1. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.



2. Жаңа тақырыпты баяндау

Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі

Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.



Аталған міндетті орындауға оқушы төмендегідей:

1.Жалпы ережелерді;

2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;

3.Жұмыс жасау кезіндегі;

4.Аппаттық жағдайдағы;

5.Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:

  • Компьютерді тоққа қосатын сымдарға ,қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;

  • Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;

  • Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;

  • Дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;

  • Пернелік тақта үстінде артық заттар қоюға болмайды;

  • Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.

  • Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.

2. Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек;

  • Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлуі керек.

  • Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.

3. Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

  • ЭЕМ - мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60 - 70 см қашықтықта ұстау керек;

  • Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;

  • Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай - ақ, көз жаттығуын орындауға болады.

  • Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білуі қажет. Көз жаттығуларын білу міндетті


4. Аппаттық жағдайдағы техника қауіпсіздінің ережелеріне қойылатын талаптар:

  • Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьтерден ақау табылса, онда машинамен тоқтатып,мұғалімге хабарлау керек:

    • От сөндіруде көмек көрсету қажет;

  • Электр тогымен зақымданған аданға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;

    • Компьтерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т. б.өрт сөндіргіш құрал – жабдықтарын пайдалануға болады;

  • Электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әр түрлі материалдарды (электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.

5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:

Бекіту: Студенттерге техникалық қауыпсіздік ережесін жазғызып сұрақтар мен тапсырма беру

Сабақтың қорытындысын шығару

Сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жаңа сабақты қортындылау Оқушылардың жаңа материалды түсіну дәрежесін анықтау



Үй тапсырмасын беру: Ережелерді жаттау

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет