VI. Жаңа тақырып тапсырмасы мақсатымен орындалу жолымен таныстырылады. Оқушы нені білуі тиіс:
Операциялық жүйелер және олардың атқаратын қызметін;
Командалардың жіктелуін;
Резидентті (ішкі) командалар қызметін;
Транзитті (сыртқы) командалар қызметін;
Оқушы нені орындай алуы тиіс:
Резидентті (ішкі) командаларды қолдану;
Транзитті (сыртқы) командалармен жұмыс;
Файлдармен және каталогтармен жұмыс атқаратын командалармен жұмыс;
«Білімді мыңды жығар» V. Жаңа сабақты түсіндіру: (Интерактивті тақтада жаңа cабақ түсіндіріледі.) (Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз).
Антивирусы күштіні-Вирус ала алмайды MS - DOS ОЖ командалық файлдары
(e-learning бағдарламасындағы электрондық оқулықты пайдалана отырып сабақты түсіндіру).
MS - DOS –тың барлық командалары резидентті және транзитті болып екі үлкен топқа бөлінеді.
Резидентті (ішкі, бірге құрылған) командалар қосымша COMMAND.COM файлының құрама бөлігі болып табылады.
Олар - қарапайым және жиі колданылатын командалар. Бұл топқа: DIR, MD, CD, RD, TIME, DATE, REN, DEL, TYPE, COPY және т.б. командалар жатады.
Транзитті кірме (сыртқы, жүктелінетін) командаларға дискідегі программалық файлдар жатады. Оларды іске қосып орындаудан бұрын дискіден оқу керек.
Бұл топқа мына командала жатады: FARMAT, ATTRIB, TREE, MODE, DISKCOPY және т.б. Каталогтармен жұмыс істейтін командалар. Бұл топқа : DIR, CD, RD, MD командалары жатады.
1. DIR командасы – каталогтар мен файлдардың толық аттарының, көлемінің және құрылған уақыты мен мерзімінің тізімін береді. DIR командасын параметрсіз жай қолданғанда экранға ағымдағы каталогтың мазмұнын шығарады.