Сандықтан 2 түрлі гүлдерді қалауымызша аламыз. Гүлдің түсіне қарай 2 топқа бөлінеміз.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Ұстанатын қағида: «Тіл қаруы -сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз -адамның ең жоғарғы қасиеті», деген ұлы ақынымыз Ғабиден Мұстафин.
Үй тапсырмасы бойынша алдыңғы өткен тақырыптағы MS DOS операциялық жүйесі бойынша он сұраққа жауап беру арқылы сырлы сандықтың тапсырмасын орындайық. Әр сұрақтың жауабы ұпай санымен көрсетіледі.
Сандықты ашу үшін бізге сөз мәйегін келтіртіп, содан кейін ашамыз. (Теңге тиыннан құралады) ....
(Ойын шарты бойынша интерактивті тақтада сұрақтар кезекпен кезек шығады. Оқушылар сұрақтарға жауап берулері тиіс.)
ІІІ. Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі «СТОП КАДР».
Жаттығудың сипаттамасы: Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың топқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын топқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді».