«Ой тастау» VІ. Жаңа сабаққа қорыту «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді»- дей келе әр команданың қызметімен танысып, яғни әр топтан, 4-5 оқушы компьютерде командаларды қолданып «Командалық жолда» каталог құрып тәжірибе жұмысын көрсетеді. 3 оқушыРебус шешіп, жауабына мағлұмат береді. Қалған оқушыларпостерге тақырып бойынша сабақтас әрекеттер сызбасын көрсетеді. Қай топ жұмыстарын бірінші аяқтаса тақтаға шығып түсіндіреді.
САБАҚТАС ӘРЕКЕТТЕРДІҢ СЫЗБАСЫ
Міндеті
Әрекеттердің сабақтастығын талдау немесе көрсету
Жобаларды жоспарлау.
Элементтері
Тікбұрыштар.
Сол тікбұрыштарда белгіленген әрекеттердің атауы
Әрекеттердің жасалу бағытын белгілейтін нұсқамалар.
Сергіту сәті.Оқушыларға көз жаттығуы жасалады. («Компьютер» әуені қосылады) Көзге арналған жаттығулар: (Әуен қосылады_) Көздерді оңға – солға, солдан оңға қарай қозғалту;
Көз қарашығын көкке одан төменге қарату;
Сағат тілі бойымен көзді айналдыру;
Тез арада көзді ашып – жұму;
Көздерді солжақ астыңғы бұрыштан, оңжақ үстіңгі бұрышқа қарату. Дәл солай бірақ енді керісінше жасау.
Әрбір жаттығуды кемінен 6 рет қайталау қажет.
1 жаттығу Екі көзімізбен бірге екі қасымыздың ортасына қарап көрейік, осы күйімізде 5 секуд тұруымыз қажет.
2 жаттығу Екі көзімізбен бірге мұрын ұшына қарап, осылай 5 секунд тұрамыз.
3 жаттығу Екі көзімізбен бірге оң жақ иығымызға қараймызда, 5 секунд тұрамыз
4 жаттығу Дәл 3 жаттығуға сәйкес, бірақ керісінше сол жақ иығымызға қарап, 5 секунд тұрамыз
5 жаттығу Көзіміздің қарашығын сағат тілімен айналдыру және керісінше айналдыру. 3-4 қайталау.
6 жаттығу Отырып жасаймыз. 2-3 секунд алға қара, содан назарыңды оң жақ қолыңның сұқ саусағына қара, ол мұрын алдында 25-30см жерде, 3-5 секундтан соң қолыңды жібер.