Қарапайымнатюрморт деп екі немесе үш заттан тұратын натюрмортты
Айтады
. Күрделі натюрморт төрт , бес немесе одан да көп заттан тұрады.
Қазақ суретшілері арасындаАйша Ғалымбаеваның ұлттық натюрмортын, мың құбылта бояулармен салған шығармаларын тамашалауға болады.
Сондай-ақ қазіргі кездегі қазақ суретшісі Ботакөз Ақанованың натюрморттарын атап айтуға болады.
Натюрмортты, нақты нұсқаны қағаз бетіне қалай орналастыру керек. Ол үшін көмекші сызықтарды қолданамыз. Ең алдымен дәптеріміздің айналасын сызып аламыз. Содан кейін жазықтықты белгілеп аламыз (үстелдің суретін сызып алу). Үлкен нәрседен бастап саламыз. Салатын нәрселеріміздің көлемін, түстерін жақсы біліп, айыруымыз керек.
Натюрмортты кезеңдерге бөліп орындаймыз.
1 - кезең. Жалпы жобасын схема түрінде көрсетеміз.
(зат бейнесінің орналасуын анықтау компоновка деп аталады.)
2 - кезең. Құрылымын саламыз.
3 - кезең. Пішінін сомдаймыз.(жарық, көлеңке, жылт, түспе көлеңке)
4 - кезең. Суретті аяқтаймыз
Өздік жұмыс. • Салынатын натюрморттың нұсқасы қойылады.
• Қағазға орналастыру заңдылықтары түсіндіріледі.
• Суретті қойылған заттардың симметрия сызығын сызудан бастаймыз.
• Қойылған әр заттың пішіні қандай геометриялық денелерге ұқсастығына талдау жүргіземіз.
• Натюрмортты орналастырып болған соң, артық көмекші сызықтарын өшіріп бояуға дайындаймыз.
• Әр заттың түсіне сәйкістендіріп жарық көлеңкесін ажыратып бояйды.
Натюрморт:
Оқушылар оқулықты және қосымша әдебиеттерді пайдаланып тапсырмаларды орындайды..
Алуан түрлі қағаздар мен картон қағаз т.б
Аяқталуы
.
Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады