Оқушыларға сәттілік тілей отырып жаңа тақырыпқа зейінін шоғырландыру.
Ұлттық натюрморт салу үшін оқу мақсаттарын оқушылармен анықтаймын.
-Натюрморт түрлеріне қарай топқа бөлу.
1-топ «реалистік натюрморт»
2-топ «сәндік натюрморт»
3-топ «абстрактік натюрморт»
Әр топқа бір тапсырмадан беріледі.
-Оқушылар осы үш топтың атауы неліктен осылай алынған?
-Бұл натюрморт түрлерімен таныссыңдарма?
-Реалистік дегенде нені түсінесіңдер?
-Абстрактік дегенде нені түсінесіңдер?
1-топқа реалистік натюрморт (сурет шынайыға ұқсас)
2-топқа сәндік натюрморт (жеңіл салынады, кеңістік болмайды,түрлі техникада орындауға болады, ою өрнектер қолданылады)
3-топ абстрактік натюрморт (бұйымдарды геометриялық пішіндер ретінде беруге болады,сурет біраз ауытқуы мүмкін)
Оқушылар осы натюрморт түрлері туралы түсінік беру ұсынылады. Оқулықпен жұмыс. Натюрмортқа байланысты бейнероликтер көрсетіледі. Өз жұмысының таныстырылымы кезінде оқушыларға қызықтырған суретшінің жұмыстарына сүйене отырып, материал мен техниканы таңдауы жайлы айтады.
1-топ
2-топ
3-топ
ұпайы
Натюрморттың түрлерін ажырата біледі
2
Қолданған техникасы мен материалын таңдай алады
2
Мұғалім оқушыларға ұлттық бұйымдарды олардың атауы мен қолданылуы туралы топқа қарастыруды ұсынады.
-Ұсынылған ұлттық бұйымдардың қайсысы сіздерге таныс?
-Олар қалай аталады?
-Бұл бұйымдарды қайда қолданылуына түсінік берің.
-Бұйымдар мен аспаптар қандай материалдан жасалған?
-Олардың формасы, түсі мен фактурасы қандай?
Сабақ барысында бірнеше ұлттық бұйымдарды жинақтап (ұлттық ыдыстар, музыкалық аспаптар, бас киімдер, және т.б.) оқушыларға оймен өзіндік композицияларын құрып, ұсынылған визуалды ақпараттан 2-3 затты натюрморт орналастыру. аттарды ойша жазықтықта орналастыруды таңдап, оқушылар композициялық ұлттық натюрморт құрастырады. Композиция құрастырып болған соң оқушылар оны қағаз бетіне түсіруді бастайды.
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін, материалдар мен құрал жабдықтарды пайдалану ережелерін сақтауды ескертеді. Жұмыс орнын ұйымдастыруға, мұғалімнің рұқсатынсыз басқа орынға ауысуға болмайтынын айтып өту.
Оқушылар алдыңғы сабақтара алған білімдерін қолдана отырып, заттар композициясын қағаз бетінде орналастыру ержелерін ескере отырып конструкциясын тұрғызады.
|