2. Транспорт құралынан адамдарды шығаруға тырысу керек, себебі ол жарылып немесе жанып кетуі мүмкін.
Егер аккумуляторды ешкім сөндірмесе, ешкім жанғыш заттың ағуының алдын алмаса: адамдардың алған жарақатының үстіне, тағы жаппай күйік шалуы мүмкін. Сондықтан да, жарақаттың түрін ескере отырып, адамдарды ЖКО болған жерден қашықтау жерге жылдамырақ шығару керек.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, соқтығысу кезінде аяқ-қолдың ірі сүйектері, жұлынның сынуы мүмкін және көп жағдайларда (сіздің автобуста, поезд вагонында, трамвайда немесе машинада отырғаныңызға қарамастан), бассүйек немесе омыртқаның зақымдалуына байланысты бассүйек-ми жарақаттары болады. Сол себепті, зардап шеккендерді көліктен шығарғанда және тасымалдағанда өте мұқият болу қажет.
3. Қолынан және аяғынан тартудың қажеті жоқ, себебі біз адамды өзі түспеген жұлын шогына (жұлын сынған жағдайда) немесе жарақат шогына түсіруіміз мүмкін.
Жарақаттанған адамның дене қимылын жасамауы үшін оны көліктен орындығымен алып шығуға болады.
Сондай-ақ тақтай, жұлынып қалған панель сияқты қолда бар заттарды қолданып, зардап шеккен адамды тасымалдауға болады. Сонымен қатар, адамды тігінен жатқызған кезде аяқ-қолдарын қатты ашуға немесе бүгуге болмайды, олардың бастапқы қалпын сақтаған жөн, зардап шеккен адамды медицина қызметкері келгенге дейін шығару керек.
Омыртқаның мойын бөлігін міндетті түрде бекіту қажет –омыртқаның мойын бөлігінің сынуына алып келетін жарақаттың болу мүмкіндігі туралы ұмытпауымыз керек.
4. Қол астында ешқандай зат болмаған жағдайда, зардап шеккен адмады өз бетінше алып шығуға болады, алайда мұндай кездері өте мұқият болу керек:
Ең бірінші, қауіпсіздік белдігін шешеміз және зардап шеккен адамның ес-түсін білетін-білмейтіндігін тексереміз.
Екінші, тасымалдау кезінде мойын, арқа және аяқ-қолдардың қатты қозғалуына жол бермеу үшін зардап шеккен адамның мойны мен денесін құшақтап, қолдарымызбен каркас жасаймыз.
Үшінші, зардап шеккен адамды ептеп, асықпай көліктен шығарамыз –естеріңізде болса, оның денесі жерге параллель, перпендикуляр да емес «жартылай жамбастап жатады».
Төртінші, зардап шеккен адамның денесін абайлап тегіс бетке жатқызамыз, қол мен аяқтарын ашуға және бүгуге, мойнын қатты бұруға болмайтындығын есте сақтаймыз, себебі зардап шеккен адамның жағдайын ушықтырып алуымыз мүмкін.
Тағы да бір маңызды нәрсе: егер зардап шеккен адам есін білетін болса, одан нақты қай жерінде ауырсынуды сезінетіндігін сұрап алып, осыған сәйкес оны барынша қауіпсіз, сәл қырымен жатқызған жөн. Неліктен? Егер ол есінен танып қалатын болса, оның тілі көмейіне түсіп кетіп, адам тұншығып қалуы мүмкін. Бассүйек-ми жарақаты кезінде құсық пайда болуы мүмкін, біздің зардап шеккен адамымыз өзінің құсығына тұншығуы мүмкін.
Өзіңізбен бірге дәрі қобдишасы болса, ауруды басатын дәрі беріңіз, киім, жамылғы жабыңыз, себебі жарақат шогы кезінде адамда қатты діріл пайда болуы мүмкін.
Егер зардап шеккен адам ес-түссіз жатса, онда оның пульсі мен тынысын тексеру қажет. Олар болмаған жағдайда, стандартты жүрек-өкпе реанимациясын BLS жасау керек (жүрек тұсына 30 рет басу және екі рет дем алу, осы алгоритмді пульс пен тыныс пайда болғанға дейін қайталаймыз).
Жедел жәрдемді күтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |