Сабақ жоспары курс: 2 Топ: 221 Сабақтың номері



бет4/6
Дата06.07.2022
өлшемі337,36 Kb.
#37511
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ЖҚО кезіндегі алғашқы көмек

тексеру сынағы

Атауы:

Жол-көлік оқиғасында алғашқы көмек көрсету

Міндеттің сипаттамасы:

Жарақат кезінде адамда есеңгіреу сезімі пайда болады, оның психомоторлық қоздыру сатысы бар, ол кезде адам өзінің шынайы жағдайын дұрыс бағаламайтындығын біз бұрынырақ айтқан болатынбыз.
Немесе әдетте, зардап шеккен адам жарақат деңгейін дұрыс бағаламай, медициналық көмектен бас тартатын жағдайлар да өте көп: ол белгісіз бір ауырсынуды, әлсіздікті сезінеді, алайда әдетте оны басынан кешкен соққымен байланыстырады, кейіннен ешқандай әрекет жасамаудың соңы қайғылы жағдайға алып келеді. Ең қауіптісі осы.
АСҚЫНДЫРУ ТУРАЛЫ
Апат кезінде зардап шеккендерде травмалық шок туындауы мүмкін – бұл ауырсыну импульсының үлкен ағымымен байқалатын айтарлықтай қауіпті жағдай. Адам сұйықтықты жоғалтады, шок кезінде қан тамырлары босаңсиды, сондықтан қан айналымының көлемі азаяды, қан қысымы түседі де, қан жүрекке қайтып келмейді. 
Сонымен қатар, зардап шеккендердің іш және кеуде қуысының жарақаты, қуыс және қуыс емес ағзалардың жыртылуы мүмкін, бұл да өте қауіпті. Сыртқы белгілері болмаса, олардың жағдайлары күрт төмендеуі мүмкін. Айтып өткеніміздей, мұндай жарақаттар кезінде өліп кету қаупі өте жоғары.
Соқтығысу кезінде көп жарақаттар (политравма) алу да кең таралған – сүйек пен ішкі ағзалардың көптеген жарақаттары, мысалы, оқшауланған бассүйек-ми жарақаты және қаңқа сүйектерінің сынуы политравмаға жатады.
ІС-ӘРЕКЕТТЕР АЛГОРИТМІ
1. Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызға қармастан, кәсіби көмекке жүгінген абзал. Жедел жәрдемді шақырамыз. Бұл бірінші.

Апаттың қандай түрі болмасын, зардап шеккен адамды барғысы келмегендігіне, қолхат жазғанына қарамастан, емдеу мекемесіне жіберу керек, тексеруден өту керектігін түсіндіру қажет. Жарақат басында байқалмайды: соқтығысу кезінде терінің астында қуыс емес ағзалардың – бауыр, көкбауыр, бүйректің жыртылуы мүмкін. Алғашқы минуттарда қан бірден қатты кетпей, кейіннен қатты кете бастауы мүмкін (әсіресе көкбауыр және бауыр туралы айтатын болсақ, себебі олар қатты қан ағатын ағза). Бұл жағдайда адам күшін жылдам жоғалта бастайды: қан әрі қарай жарылып кету қаупі бар ағзаның капсуласына жинала береді, ішперде қуысындағы қатты, көп қан кету – геморрагиялық шокты туындатады. Осының бәрінің нәтижесінде, қан кетуден де, шоктан да адам өліп кетуі де мүмкін.
Алайда бүйрек тамырларының жарақаты, немесе көкбауырдағы ірі артерияның жарақаттануы алғашқы минуттарда-ақ өлімге алып келуі мүмкін. Егер уақытында көмек көрсетілетін болса, адамды құтқарып қалуға болады.
Сондықтан да, адам ЖКО түскен кезде полиция қызметкері немесе апат орнындағы кез-келген адам зардап шеккен адамның жағдайын бағалау үшін жедел жәрдемді міндетті түрде шақыруы тиіс. Жақын орналасқан медициналық мекемеде тексеріс жүргізгеннен кейін ғана, оның жағдайының қауіпті немесе қауіпсіз екендігі туралы сұрақ көтеру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет