Авторы: Жакипова Ақтолқын Маратовна
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету.
САБАҚ ЖОСПАРЫ
|
Курс:
|
|
Тобы:
|
|
Сабақ
|
№
|
Мамандық, біліктілігі:
|
0105000-« Бастауыш білім беру»
0105013-«Бастауыш білім беру мұғалімі»
|
Модуль атауы:
|
IV бөлім. Мектеп жұмысын басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздері
|
Сабақ тақырыбы:
|
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру
|
Пәні:
|
Педагогика
|
Мерзімі:
|
|
ККК - Өту орны:
|
№5 аудитория
|
Сабақ мақсаты:
|
Білімділік: Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру.
|
Сабақтың міндеттері:
|
А) еңбексүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, мамандыққа, пәнге деген қызығушылықты тәрбиелеу.
ә) Оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру;
б) еңбексүйгіштікке, елжандылыққа, ұқыптылыққа, мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
|
Күтілетін нәтиже:
|
Тақырыпқа талдау жасайды;
Өз ойларын еркін жеткізе біледі, түйін жасай білу дағдысын дамытады;
Топпен, жұппен жұмыс жасауға үйренеді;
Дүниетанымы кеңейеді, емін-еркін жұмыс істей алады.
|
Сабақ түрі:
|
Тәжірибелік сабақ
|
Сабақ өту әдіс-тәсілдері, қолданылатын педагогикалық технология:
|
Түсіндірмелі - хабарлау әдісі, сұрақ-жауап, жеке, топтық, жұптық ізденіс жұмыстары, талдау, жинақтау, салыстыру, әнгімелеу, баяндау әдістері. СТО технологиясы
|
Қажетті көрнекі құралдар, ОТҚ:
|
Зерттеу еңбектер, тірек – конспектілер, сызбалар;
|
Қолданылатын әдебиеттер:
|
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М., Педагогика. Алматы, 2004.
Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұханова Педагогика-Оқулық, 2007 ж
Харламов И.Ф. Педагогика. -Минск,1997
Сластенин В.А. Педагогика. М., 2000
Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы, «Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру» - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған, Қарағанды 2011
|
Оқытушы туралы мәлімет:
|
|
|
САБАҚТЫҢ КОНСПЕКТ – ЖОСПАРЫ
|
Сабақ барысы
|
Уақыты (минуты)
|
Оқытушының
іс-әрекеті
|
Білім алушының іс-әрекеті
|
Оқыту ресурстары және
материалда-ры
|
1.Ұйымдастыру кезеңі
|
3-5 мин
|
сәлемдесу, түгелдеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Сабақтың мақсатын хабарлау
|
Білім алушылар сабаққа даярлық жасайды
|
|
2. Үйге берілген тапсырманы тексеру
|
15-20 мин
|
Үй тапсырмасын сұрау, тексеру
|
Білім алушылар
сұрақтарға ауызша
жауап береді
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер
|
3. Негізгі кезеңдегі іс-әрекетке білім алушыларды дайындау
|
3 мин
|
Жаңа сабақтың тақырыбы мен оқушылар алдында тұрған мәселелерді хабарлайды. Жаңа сабақтың жоспарымен таныстырады.
|
Жаңа сабақтың жоспары және орындалуымен танысады.
|
Оқытушы жоспары, оқулықтар
|
4. Жаңа білім мен қызметті қалыптастыру
|
30 мин
|
Оқытушы жаңа сабақты түсіндіреді
|
Білім алушылар
тыңдайды
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер
|
5. Берілген материалды түсінуді алғашқы тексеру
|
10 мин
|
Оқытушы жаңа сабақтың орындалуын тексереді. Жаңа сабақты оқушыларға сұрақ арқылы жауап алады..
|
Білім алушылар берілген сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер
|
6. Алған білімдерін іс-әрекетте қолдану. Білімдерін тексеру және өзін-өзі тексеру іс-әрекеттері
|
15 мин
|
Жаңа тақырыпқа байланысты білім алушыларға өзіндік ізденіс жұмыстарын береді. ІІІ топқа бөлу арқылы оқулықпен жұмыс жасату, топты бақылау
|
Жаңа тақырыпты өз беттерінше меңгереді, талдайды, пікір алмасады және өз пікірлерін ортаға салады.
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті-лер
|
7. Үй тапсырманы хабарлау. Сабақты қорытындылау және рефлексия
|
5 - 7 мин.
|
ІІІ топ
«Өзін-өзі бағалау» әдісі бойынша сабақты қорыту
|
Білім алушылар
үйге берілген тапсырманы жазып алады. «Өзін-өзі бағалау» әдісі бойынша бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселе не болғанын дәптерлеріне осы сұрақ төңірегінде өз жауаптарын жазады.
|
Оқулықтар мен тірек – конспекті
лер
|
Сабақтың барысы мен мазмұны
1. Ұйымдастыру кезеңі. 3-5 мин.(сәлемдесу, түгелдеу, студенттердің зейінін сабаққа аудару)
2. Сабақтың мақсатын хабарлау: Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру туралы теориялық және практикалық мәселелерді ашып көрсету және түсіндіру
3. Практикалық тапсырманы орындау нұсқаулары.
Жұмыстың мақсаты: – Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастырудың мәнін айқындау
Бақылау тапсырмалары:
Сұрақтарға жауап беру
Кестелермен жұмыс
Практикалық жұмысты қорғау
Қолданылатын әдебиеттер:
1.Ж.Қоянбаев,Р.Қоянбаев. Педагогика.-Алматы, 1998, 2000.
2.Құрманалина Ш.Х. . Педагогика. - Алматы,1999
Әдістері: талқылау, талдау, есеп беру
Практикалық жұмысты орындау.50-55 мин. Практикалық жұмыстың негізгі теориялық қағидаларымен танысу және жұмысты орындау.
Тапсырма:
1. Бақылау сұрақтары: (Ақпараттық жоба)
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру дегеніміз не?
Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру негізі неде?
ПЕҒҰ негізгі факторлары мен маңызды проблемалары
Педагогтың қасиеті ретінде рефлексия. Рефлексия түрлері.
ІІ. Зерттеушілік жоба:
ПЕҒҰ құрылымы мен еңбекті ғылыми ұйымдастырудың құрылымы салыстырыңыздар.
Кестеде берілген педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру мен еңбекті ғылыми ұйымдастыруды салыстырыңыздар.
Өндіріс орындарында қолданылатын ЕҒҰ
|
ПЕҒҰ
|
Айырмашылығы
|
|
|
|
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі құралдарына сипаттама жасаңыз.
Іс-әрекет түрлері бойынша ұйымдастыруды жетілдірудің формаларын көрсетіңіз.
Еңбекті ғылыми ұйымдастыру (ЕҒҰ) – адами күш-қуатты, сондай-ақ материалдық ресурстарды аз шығындау жағдайында адам еңбегінен барынша ықпалды нәтижеге қол жеткізу.
Еңбекті ұйымдастыру және ЕҒҰ енгізу мәселелері мына бағыттарда қарастырылады:
- еңбекті бөлісу;
- жұмыс орындары мен еңбек ету шарттарын ұйымдастыруды жетілдіру;
- ұйымдастыру техникаларын енгізу;
- мамандардың біліктілігін арттыру.
ЕҒҰ-дың жалпы принциптері
- еңбекті нормалау және ынталандыру;
- қажетті біліктілік пен қызметтік міндеттерге сәйкес мамандарды дұрыс таңдау және орналастыру;
Бұл принциптерді ЕҒҰ-ды практикаға енгізудің мынадай бағыттарын бөліп көрсетуге болады:
- еңбек тәртібін жоғарылату;
- қызметтік нұсқаулықтарды, оңтайлы әдістер мен амалдарды және еңбек режимін құрастыру мен енгізу;
- педагог қызметкердің біліктілігін арттырудың ықпалды жүйесін ойлап табу;
- санитарлық-гигиеналық нормалар мен талаптарды сақтау;
- өндірістік эстетиканы дамыту;
- қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;
- құжаттарды жүргізуді компьютерлендіру;
- қазіргі заманғы байланыс жүйесін қолдану.
ІV. Практикалық жұмысты қорғау
Оқушылардың білімдерін бағалау.5 мин. Қорытынды жасау.
«Өзін-өзі бағалау» әдісі бойынша бүгінгі сабақта ең құнды қандай мәселе не болғанын айтады.
6. Сабақтың қорытындысын шығарып, қысқаша түсінік бере отырып бағалау. 3мин.
7. Үйге тапсырма беру
«Педагогикалық өзін-өзі бағалау (рефлексия), өзін-өзі тәрбиелеу және өздік білімін жетілдіруде қажетті кезең» атты тақырыпқа баяндама жасаңыз
1. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. А, 1998ж.
2. Ш.Х.Құрманалина, Б.Ж.Мұханова Педагогика-Оқулық, 2007 ж
3. Сарбасова Қарлығаш Амангелдіқызы, «Педагогикалық еңбекті ғылыми ұйымдастыру» - Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығына арналған, Қарағанды, 2011ж.
4. Харламов И.Ф. Педагогика. -Минск,1997
5. Сластенин В.А. Педагогика. М., 2000
Оқытушы: ___________________
Достарыңызбен бөлісу: |