LearningApps.org. сервисі оқу үдерісіне келесі мүмкіндіктерді береді: - оқу материалын деңгей, уақыт, көлеміне қарамастан меңгереді;
- білімалушы алған білімін жүйелейді;
- шешімді тез қабылдауына мүмкіндік алады;
- тапсырманы бірнеше рет орындау арқылы жақсы нәтижеге жетеді;
- жалпы оқуға деген мотивация пайда болады;
- кері байланыс алады, өзін-өзі бағалайды;
білімалушы өзіндік жұмысты дербес компьютердің, ноутбуктың, ұялы телефонның көмегімен ұйымдастыра алады. Оқытудың әдіс-тәсілдерін тиімді таңдап алу оқытуда табысқа жетуге негіз болады әрі сабақтың тиімділігі мен сапасын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Сабақта интерактивті технологияларды тиімді пайдалану жауапкершілік пен шығармашылық тұлға қалыптастыруға алып келеді.