А)Ұйымдастыру-мақсаттық кезеңі а) Оқу жұмысын ұйымдастыру
б) Студенттердің білімін тексеруге кері байланыс ұйымдастыру
Ә) Өткен сабақты қайталау (Сұрақ-жауап әдісі) - Canva қосымшасында жұмыс жасау
- Canva қосымшасының мүмкіндіктер.
LearningApps.org интернет платформасымен жұмыс жасау.
Білім берудің технологиясына оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтықтан оқыту жатады. Оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасының бірі – қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы оқыту. Қашықтықтан оқыту дегеніміз - оқытушы мен білімалушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту. Білімалушы мен компьютер арасындағы оқытуды интерактивті деп атайды. Интерактивті оқытудың басты мақсаты – білімалушыларды өз бетінше тапсырманың жауабын табуға үйрету. Интерактивті жаттығулар жасауға арналған көптеген онлайн-ресурстар бар. Олар өздерінің функционалдығы бойынша ұқсас болуы мүмкін немесе функционалдылығы мен интерфейсі бойынша ерекшеленуі мүмкін. LearningApps.org интерактивті тапсырмалар құрастырушысы интерактивті модульдер (жаттығулар) арқылы оқыту процесін қолдауға арналған. Сонымен бірге оқытушы да, оқушы да дайын шаблондарды пайдаланып, интерактивті модульдер жасай алады. Осы қызметтің арқасында жасалатын интерактивті тапсырмалардың негізгі идеясы - студенттер белгілі бір оқу пәніне деген танымдық қызығушылығын қалыптастыруға ықпал ететін білімдерін ойын түрінде тексеріп, бекіте алады.
Қызмет көрсету мекен-жайы - http://learningapps.org/ Қызметтің тұжырымдамалық интерфейсі бар, тіркеуді ұсынады («Кіру»-батырмалары - «Жаңа аккаунт құру») және әлемнің 20 тілінде ұсынылған. Қажетті тілді таңдау үшін сайт парағының жоғарғы оң жақ бұрышында тиісті жалаушасы бар белгішені таңдау керек. Сайтта ресурстарды пайдаланушылар жасаған жалпыға ортақ интерактивті тапсырмалар галереясы бар. Қызметте ұсынылған барлық жаттығулар академиялық пәндер бойынша бөлінеді, бұл қажетті тапсырманы табуды едәуір жеңілдетеді.
LearningApps.org сервисінде өзіңіздің тапсырмаларыңызды құру және сақтау үшін тіркелуіңіз керек. Оқытушы жеке пайдаланушы ретінде тіркеліп, аккаунт құрады. Өз оқу модульдерін жасап, сақтайды, сонымен қатар басқарады. Пайдаланушы оқу модульдерінің авторы ретінде жасаған контентті статистикада көре алады. Оқытушы «Барлық жаттығулар», «Жаңа жаттығу», «Менің сыныптарым», «Менің жаттығуларым» қызметтерін пайдаланады. «Жаңа жаттығу» қызметі: жұпты табу, классификация, хронологиялық кесте, мәтін енгізу, суреттерді іріктеу, викториналық сұрақтар, бос орындарды толықтыру, аудио/видео контент, кім миллионер болғысы келеді?, пазл, сөзжұмбақ, әріптен сөз құрау, сөзді табу т.б. модульдерді ұсынады. Осының ішінен «Бос орындарды толықтыру» жаттығуына тоқталайық.
Жаңа жаттығу қызметінен бос орындарды толықтыру(заполнить пропуски) жаттығуын таңдаймыз.
Жаңа жаттығуды құру батырмасын басу арқылы жаттығу атын кестеге жазамыз. Мысалы Физика Ом заңы. Тапсырма типін орнатыңыз(Установите тип задания) батырмасын басып, жазыңызды(впишите) таңдаймыз.
Бос орынды толтырыңыз(Заполнить пропуски) батырмасын басыңыз. Тізбек бөлігі арқылы өтетін ток күші бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал да, оның кедергісіне кері пропорционал. Осы сөйлемді екі рет жазып шығамыз. Мысалы бізге бірінші сөйлемнен ток күші деген сөзді жасыру керек. Ток күші деген сөзді өшіріп орнына -1- тереміз. Бос орын орнына(Вместо пропусков) ток күші деген сөзді жазамыз. Екінші сөйлемнен кернеуге сөзін өшіріп, орнына -2- тереміз. +Келесі элементі толықтыру(Добавить следующий элемент) ішіне, яғни кестеге кернеуге деген сөзді жазамыз.
Аяқтау және алдын ала қарауда көрсету (Завершить и показать в предварительном просмотре) батырмасын басамыз. Ашылған терезеден жаттығуды сақтау батырмасын басамыз.
Сіз өзіңіздің жасаған жаттығуларыңызды студенттерге әлеуметтік желілерде(whatsapp) веб-сілтеме түрінде жібере аласыз немесе оны веб-сайтқа енгізе аласыз.
Білімалушылар іздеу жүйелері немесе LearningApps.org оқу модулінің авторы шифрланған веб-сілтемесі арқылы өтеді немесе бағдарламаны белгілі бір аудитория үшін қолжетімді ету үшін кірістіру кодын пайдалана алады. Оқу модулінің авторы тапсырмаларды сайтта жариялай алады.
Сонымен қатар, сіз өзіңіздің студенттерге арналған аккаунттарды құра аласыз және ресурстарыңызды олардың білімдерін дәл осы сайтта тексеруге пайдалана аласыз.
Материалды меңгерту мақсатында тапсырманы сабақты бекіту кезеңінде, үй тапсырмасын осы модульдер арқылы берген жөн.