3-тапсырма. Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін
қолданудағы ерекшелігі неде?
Бейнелеу тәсілдері
|
Шығармадан мысал
|
Қолданылу ерекшелігі
|
|
|
|
Дескриптор:
Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсінеді.
Ықтимал жауап:
Кейіптеу
1....Ойнасыншы, ойнасын ерке құстар,
Тыныштығын олардың қашырмалық.
Мерген отыр жағада.
Ей, ақша бұлт,
Жаулығыңмен оларды жасыр барып.
Бас бағады шыршаның қалқасынан,
Қаруынан қолында қан сасыған.
...Ал, аққулар,
Аққулар тарануда,
Сусып түсіп, су моншақ арқасынан.
Қарайды ана шыршаның қалқасынан.
Қолданылу ерекшелігі:
Гуманист , ізгі жүрек ақын адал махаббатты бұзушыға бар ниетімен жиіркеніш білдіреді. Өмір мен өлім, күн мен түн, табиғат пен адам арсындағы арпалысты көрсету. Табиғат бейнесін ашу.
Эпитет
Көмейінде тәтті үні былай қалып,
Жаға – талда жас бұлбұл тұр ойланып.
Жер бетінде тыныштық, көл бетінде
Қауышыпты қара орман, көл де, түн де.
Дүрліктірме жұртыңды, салма бүлік!
Кім білсін, мүмкін, бәрі жалған үміт...
Аққу мойын, сүмбе қанат,
Алаңсыз тарануда күнге қарап.
Қолданылу ерекшелігі
«Тәтті үн», «қара орман», «жалған үміт», «аққу мойын», «сүмбе қанат» - эпитеттері жайдан жай қолданыла салмаған, бұл тіркестер адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының сөз арқылы ерекшеленуін, белгілерін анық, көз алдыңа елес арқылы түрлі қозғалысқа енгізеді. Ақынның қолданған эпитеттері сурттеген оқиғасына сай қолданылған.
Сабақты қорытындылау.
Кері байланыс:
«3-2-1»
Сабақтағы 3 маңызды ақпарат;
Қиындық тудырған 2 мәселе;
Сабақта ұнаған 1 аспект.
|
Автордың шығармада бейнелеу тәсілдерін қолданудағы ерекшелігін түсіндіреді. Жазушы стилі – өзіндік сөз өнері мен суреткердің өзіне ғана тән қалам ізі. Жазушының стилін анықтау арқылы ақынның басты шеберлік қасиеттерін, тілдік қыр-сырын ашамыз.
|
|