Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма) Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
Уақыты
Кезеңдері
Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?
Ресурстар
1 минут
Ұйымдастыру
Сәлеметсіздер ме?
9-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!
Сабатың тақырыбы: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасы
Сенің білетінің: Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасының стилі
Сенің меңгеретінің:
өлеңнен көркемдегіш құралдарды табу;
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдай отырып, автор стилін анықтайды.
Видео-аудио суреттер, кесте, диограмма, презентация, электронды құралдар, т.б.
3-5 минут
Жаңа сабақ
4 - слайд
Ой қозғау.
Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер»
шығармасы, Ақан Серінің суреті,
Сәкен Жүнісовтің «Ақан Сері» кітабы ,
«Құлагер» фильмінен көрініс бейнеленген
Әр кейіпкер әр ғасырдың тұлғалары.
Суретке түсінік бере отырып
сабақтың тақырыбы айқындалады
1-3 минут
Жаңа сабақ 5 - слайд
Теңеу - заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын өзге затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу арқылы көрсететін көркемдік ұғым. Олар –дай, -дей, -тай, -тей,- дайын,-дейін, -ша, -ше жұрнақтары мен секілді, сияқты, тәрізді, бейне, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен жасалады.
Эпитет– заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым. Мысалы:
Қараңғы түнде тау қалғып... «қараңғы» – эпитет, түннің қандай екенін ерекшелеп тұр.
Метафора - троптың бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы. Мен-ақсұңқар құстың сойы едім...
Махамбет кім? «Ақсұңқар құстың сойы».
«Ақсұңқар құстың сойы» кім? Махамбет. Екеуі бірінің орнын бірі алмастырып тұр.
Метонимия –троптың бір түрі, ауыстыру,қайтадан атау.Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану , құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету . әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Синекдоха –мегзеу, бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны қолдану. Мысалы , «тайлы –тұяғы қалмай келді», «бағар көбейсін»