Бұл тілшілер қоғам өмірінде, публицистика саласында ерен еңбек атқарып жүрген танымал жандар. Олар: Артур Платонов, Қымбат Досжан, Дина Төлепберген. Қазіргі қоғамда халықтыңүні мен тілі, көзі болып, өмірлік мәселелерді қозғап, көпшілікті құлақтандырып жүрген тілшілерді біліп жүрген де абзал.
Тапсырма №4
Оқушылар алдыңғы және бүгінгі сабақтарда игерген ақпараттарын пайдалана отырып, кестелерді толтырады. Әйгілі журналист, әрі диктор Сауық Жақанованың тілшілерге берген сұқбатын да негізге ала отырып, жауап береді. Өзіндік көзқарасын білдіруге, өз топшылауын қолдануға ла рұқсат беріледі.
Дескриптор
Журналист болудың артықшылығы мен кемшілігін дұрыс жазады.
Журналист болудың артықшылығы мен кемшілігін жазыңыз .
Сабақты қорытындылау үшін Халел Досмұхамедовтың пікіріне құлақ асайық: «Әдебиет тілінің қаруы- баспа мен мектеп. Баспа мен мектеп- өте қайратты қару»
1 мин
Қосымша тапсырма: Берілген сілтеме бойынша өтіп журналистер туралы ақпараттармен танысыңыз. Сұқбатта көтерілген мәселе жайында қысқаша баяндаңыз.
https://abai.kz/post/39650
Дескриптор Сұқбатта көтерілген мәселені дұрыс анықтайды, баяндап жазады.