Тілшінің суреті және қызметі, атағы туралы қысқаша мәлімет беріледі.
1-3 минут
Тапсырмалар
1-тапсырма.
Өткен сабақтарды еске түсіріп, «Журналист болудың талаптары» тақырыбында диаграмманы толтырады.
Дескриптор
Журналист болудың негізгі талаптарын жазып, диаграмманы толықтырады.
Тапсырма бойынша оқушы «Өзін-өзі тексереді»
Тапсырма №2.
1-тапсырмада анықталған журналист болудың талаптары негізінде «Журналист» деген — кім?» деген сұраққа жауап беріңіз
Үлгі: Журналист сауатты, өз пікірін дұрыс жеткізе алатын, әдепті сөйлейтін, ... .
Дескриптор
Журналистті анықтайтын сипаттама жазады.
Оқушы «Өзіңізді тексеріңіз» бойынша орындалған тапсырманың дұрыстығын тексереді.
Журналист сауатты, өз пікірін дұрыс жеткізе алатын, әдепті сөйлейтін, білімді, ізденімпаз, жасампаз, байқампаз, әділ адам.
Тапсырма №3
Журналист Сауық Жақанованың сұхбатын түсініп оқып, оның айтқан кемшіліктеріне пікір білдіреміз.
Оқушылар журналист Сауық Жақанованың сұхбатымен танысады.
Бұрын қазақ халқының бай мәдениеті мен тарихына қатысты тыңдарманы мен көрерменінің көңілінен шыққан танымдық хабарлар көп болатын. Және ол хабарларды даусы қойылған, тілдің ырғағын, әуенін сақтап сөйлейтін мамандар ғана жүргізетін. Ал, қазір тілдің заңдылығын сақтамай күлдірген болып, екі сөздің басын қоса алмайтын адамдар эфирлерді толтырып жатыр. Тіпті, еш ізденбестен интернеттен тауып алып, соны сәл өңдеп тыңдарманға жеткізе салатын «өнер» пайда болды.
Дескриптор
Журналистің пікірімен келісіп, келіспейтіні туралы ойын жеткізеді.
«Өзіңізді тексеріңіз»
Журналист Сауық Жақанованың пікірімен келісемін, себебі кейбір тілшілер қазақ тілінің заңдылығын сақтамайды, екі сөздің басын қоса алмайды, ізденбейді, материалдарды дайын интернеттен алады, сәл өңдейді
1-3 минут
Тәжірибе
Оқушыларға «Тауып көріңіз» деген тақырыпта Қазақстандағы белгілі журналистердің суреттері ұсынылады. Теледидардан қарап жүрген танымал бағдарламалардың жүргізушілерін өз бетінше тауып көруге тырысады. Суреттегі журналисттердің аты-жөнін атайды. Практикалық білімін көрсетеді.
Берілген суреттерден Қазақстанның белгілі журналисттерін тауып көріңіз.