Сабақ жоспары Ми және психика (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы : психология



бет13/69
Дата07.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#20453
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69
Байланысты:
жоспар

Бақылау әдісі

Бақылау  әдісі   психологиядағы ескі және бір қарағанда өте қарапайым  әдіс  секілді. Ол әдеттегі өмір сүру жағдайындағы адамның қызметіне бақылаушы кіріспей,  жүргізілетін жоспарлы бақылауға негізделеді.  Бұған психологияда бақыланатын құбылыстарды  толық және дәл сипаттау, сонымен бірге оларды  психологиялық  тұрғыдан түсіндіру жатады. Міне  психологиялық  бақылаудың басты мақсаты осы: ол деректерге сүйене отырып, олардың  психологиялық  мазмұнын ашу.

Бақылау – ол барлық адамдардың пайдаланатын  әдісі . Ал қарапайым адамдардың бақылауы мен ғылыми бақылаудың айырмашылығы өте көп.  Ғылыми бақылау жүйелілігімен сипатталып, объективті шындықты алу үшін белгілі бір жоспарға негізделе отырып, жүргізіледі. Яғни,  ғылыми бақылау жүргізілгенде арнайы білім және  сапаны  психологиялық  көріну объективтілі ашылатын арнайы дайындықты талап етеді.

Бақылау әр түрлі  нұсқаларда жүре алады. Мысалы, кеңінен қолданылатын  әдіс  қосылған бақылау. бұл әдіс психологтың өзінің қатысуымен жүргізіледі.  Егер  зерттеушінің қатысуынан, оның жағдайды қабылдауы мен түсінуінен нәтиже бұзылатын болса, онда болып жатқан жағдайларды объективті  түсіну үшін шеттен бақылаған жөн.  Қосылған бақылау мазмұнына қарай  басқа әдіске — өз-өзін бақылауға өте ұқсас.

Бақылау. Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке алады. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір-жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе б;ала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, он ыдұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате болып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он.жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакылау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет