Сабақ жоспары Ми және психика (сабақ тақырыбы) Модуль /пән атауы : психология



бет69/69
Дата07.01.2022
өлшемі0,77 Mb.
#20453
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
5. Сабақ бойынша рефлексия

«Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



6. Үй тапсырмасы

1.Келесі сабаққа Алдамұратовтың «Жалпы психология» оқулығының 115-138 беттерінен және Қ. Жарықбаевтің оқулығынан 95-112 беттерден түйсік негізгі заңдылықтары тақырыбын қарастырып, конспект жазып келесіздер.

2.Түйсік тақырыбына кросcворд жасап келу.

3.Түйсік тақырыбына «кластер» жасап келу.



Бағалау: Оқушылардың қатысу белсендігіне, тапсырмаларды орындау деңгейіне, үй тапсырмасын меңгеріп келуіне байланысты бағалаймын.

Психика -

  • 1. Психика, бұл адамның қоршаған ортамен қарым қатынас кезінде пайда болған, және де адамның қимыл іс әрекеті мен ойлау процесіне әсер ететін, шынайы құбылысты өзінше қабылдау түрі. 

  • 2. Түйсіну, қабылдау, елестету, ойлау, сезім, ерік және т.б. түрінде шынайы өмірді бейнелеу түрінде көрсететін мидың қызметі; адамның өзіне тән сапалы тәлім-жосығын анықтайды; қоғамдық еңбек үдерісі мен тілдің дамуы арқасында пайда болуымен байланысты психиканың жоғары нысаны — адам санасы.

  • 3. Адамның рухани жетілушілігі, оның рухани сапасы, көңіл-күй иірімдерінің жиынтығы.

Психика (гр. psychikos — ішкі сезім, көңіл-күй) жинақтайтын рухани бірлестігі. Психика биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М.Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін жаңа құрылымның — сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік зандылығы қалыптасады.

Психика —



  • 1) объективті шындықты түйсік, қабылдау, елестету, сезім, ерік, ойлау арқылы белсенді бейнелейтін мидың жүйелі қасиеті;

  • 2) адамның жан-дүниесінің сапалық күйі мен сипатын жинақтайтын рухани бірлестігі.

Психиканың екінші сатысында адамның мінез-құлқы мен іс-әрекетін өзінше ұйымдастыратын және оқиғаның өткенін, бүгінін және болашақ күйін реттей алатын қабілет қалыптасады. Адам өткен оқиғаны есінде сақтайды, бүгінгі күйін қобалжу актісімен, ал болашақтағы мүмкін жайын үміті, мақсаты, арманы, түс көру арқылы жеткізе алады. Психика — биологиялық эволюцияның жемісі және жалғасы. Психика сыртқы құбылыстар мен заттардың көрінісін белсенді және озық түрде бейнелейді. Организм осы фактор арқылы әр нәрсенің ерекшелігіне сай қимыл-әрекет жасауға және ортаға бейімделуге мол мүмкіндік алады. Негізінде психика заттық ортаның дұрыс бейнесін және тіршілік иесінің өз ортасына бейімделетін бағдарын құрайды. Адам психикасы іс-әрекеті нәтижесін әрдайым ортаның жағдайымен салыстыра отырып, индивид ахуалын қайтарымды байланыста ұстауға мүмкіндік алады, оның түсінік сезімін ықшамдайды. Психика жүйке жүйесін тітіркендіретін әсерді заттың бейнесіне түрлендіреді, мінез-құлыққа ынта-ықылас дарытады. Психиканың рефлекторлық сипаты оның объективті жағдайға тәуелділігін, қабылдау жүйесі құрамының қимыл атқару заңдылығын білдіреді. Психиканың рефлекторлық табиғатын алғаш И.М Сеченов дәлелдеді. Адамның психикасы оның қимыл-әрекетін реттейтін және қоғамдық қатынасқа бейімдейтін және құрылымдық-сананың негізін құрайды. Осыдан адам психикасының дамуының жеке тұлғалық және әлеуметтік заңдылықтары қалыптасады.

Адамның психикалық әрекеттерінің, ақыл-ой санасының ағымдарының даму жолдарын білу үшін, олардың нерв жүйесінің, мидың құрылысын білу қажет. Психика – ерекше ұйымдасқан материя – мидың қасиеті есебінде психика пайда болады. Жоғары сатыда тұрған материяда ғана психика болады. Жоғары материя дегеніміз ми, нерв жүйесі. Нерв жүйесі психиканың негізі болғандықтан, оның құрылысын, әрекеттерін, ӛсіп дамуын білмейінше, психиканың қалайша ӛсіп-дамып отыратынын да жақсы біле алмаймыз. Нерв жүйесі психикалық әрекеттердің негізі. Нерв жүйесі адамның денесіндегі түрлі химиялық заттарды шығатын бездермен бірге адамның психика қуаттарын меңгеріп, басқарып отырады. Ол сондай-ақ адаммен сыртқы дүниенің арасындағы қатысты да басқарады. Егер нерв жүйесі болмаса, адамның барлық әрекеттері бір-біріне байланыспай, үйлеспей бір орталыққа бағынбай әрекет етер еді. Нерв жүйесі болмаса, оның сыртқы дүние мен қатынасы дұрыс болмай оны тануға, ӛзгертуге, түрлі-түрлі бейнелер туғызуға мүмкіндік болмас еді. Нерв жүйесіның құрылысы, әрекеті, ӛте күрделі. Оны зерттеу оңай емес. Нервті зерттеу үшін ғылымда сан алуан әдістер қолданылады. Соның кейбіреуі – мына тӛмендегілер: 1)Салыстырмалы физиология ғылымының фактілерін зерттеу. 2)Эксперименттік физиологияның фактілерін зерттеу. 3)Медициналық клиника фактілерін зерттеу. 4)Құрсақтағы ұрықтың нерв жүйесінің ӛсіп-дамуын зерттеу. Міне, осы жоғары да айтылған әдістермен адамның нерв жүйесі қалайша ӛсіп, дамып отыратындығын, мұның психикаға қандай әсері бар екендігін, яғни ми мен психиканың қандай байланысы бар дейтін мәселелерді шешуге болады. Адамның психикалық әрекетінің қызметінің заңдылықтары, оны жүзеге асыру ерекшеліктері мен құрылысын түсіну үшін, адамның психикалық әрекет жасаушы негізгі мүшесі - адам миы қалай құрылғанын және адамның әр түрлі кӛріністегі психикалық ӛмірімен қандай қатынаста екенін білу керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет