Анализжәне синтез (грек. analysis - ыдырау және synthesis бірігу) — жалпы мәнінде алғанда бүтіннің құрамдас бөліктерге ыдырауы және бөлшектердің бүтінге ұдайы бірігу процестері. Анализ және синтез таным процесінде маңызды рөл атқарады және оның барлық сатыларында жүзеге асырылады. Ойлау операцияларында анализ және синтез абстрактілік ұғымдардың көмегімен жүзеге асырылатын және бірқатар ойлау операцияларымен: абстракциямен қорытындылаумен және т.б. тығыз байланысты ойлаудың логикалық тәсілдері ретінде көрінеді. Логикалық анализ дегеніміз зерттелетін объектіні ойша құрамдас бөліктерге бөлшектеу жөне ол жаңа білімдерді алу әдісі болып табылады. Дамушы процеске анализ жасау ондағы әртүрлі кезеңдер мен қарама-қайшы тенденцияларды және т.б. бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Аналитикалық қызмет процесінде ой күрделіліктен қарапайымға, кездейсоқтықтан кажетгілікке, алуан түрліліктен ұқсастыққа және бірлікке карай қозғалады. Анализдің мақсаты — күрделі бүтіннің элементтері түріндегі бөлшектерді тану
Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.