Жаттығу «Жылдамдық»
Мақсаты: Оқушылардың жылдамдық реакциясын дамыту.
Сөздер жиынтығы
Түрткі, жүйке, ойын, ес, мінез, икем.
Түйсік
Миға шабуыл:
Біз лимон жегенде қандай әсерде боламыз?
Саусағымызға байқаусызда ине кіргізіп алғанда қандай жауап қайтарамыз?
Маңайымыздан шыққан қатты дыбысқа немесе музыкаға неге бұрылып қараймыз?
Міне, осы жайттар біздің қандай да бір жағдайларды түйсінуіміз.
Сонымен, бүгінгі өтететін сабағымыздың тақырыбы - түйсік. Оның ішінде біз түйсік туралы жалпы ұғым, оның негізгі заңдылықтары,түйсіктің түрлері және оның дамуын қарастырамыз.
Жоспар:
Түйсік туралы жалпы ұғым
Түйсіктің түрлері
Түйсіктің дамуы
Түйсіктің анықтамасын жазып алайық:
Түйсік – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің сезім мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелер. Түйсік арқылы заттардың түсін, дәмін, қатты-жұмсақтығын, кедір - бұдырлығын т.б. осы секілді қасиеттерді ажырата аламыз. Сыртқы дүниені танып білу түйсіктен басталады.
И.П.Павловтың жүйке қызметі туралы ілімі түйсіктердің пайда болуын анализатор (талдағыш) деп аталатын анатомиялық - физиологиялық жүйке аппаратының жұмысына байланысты түсіндіреді. Әрбір анализатор үш бөліктен тұрады:
1. Сезім мүшесі (рецептор) – бұл дененің үстінде немесе оның ішінде орналасатын және табиғаты жағынан әр түрлі тітіркендіргіштерді физикалық, химиялық, механикалық және т.б. қабылдауға және оларды жүйкелік электр импульстеріне түрлендіруге арналған арнайы органикалық құрылғы.
2. Миға баратын жүйке талшықтары. Олар секунтына 120 метр жылдамдықпен рецепторға түскен қозуларды мидың түрлі бөліктеріне жеткізеді.
3. Мидағы түрлі жүйке орталықтары. Бұл тітіркендіргіштерді ажырата алуға қабілетті нейрондардан тұрады.
(рефлекторлық доға схемасын көрсетемін, сызғызамын)
Анализаторлардың мидағы ядролары тиісті аймақтарда орналасқанымен олар тығыз байланысты. Анализатордың бірінің қызметін екіншісі атқара алуға қабілетті. Мұны ми қабығының компенсаторлық қызметі деп атайды.
Түйсіктің түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |