Сабақ жоспары (ҚМЖ) Бердібек Соқбақпаев «Менің атым-Қожа» повестінен үзінді



Дата28.03.2023
өлшемі23,97 Kb.
#76719
түріСабақ
Байланысты:
кмж


Қысқа мерзімді сабақ жоспары (ҚМЖ)
Бердібек Соқбақпаев «Менің атым-Қожа» повестінен үзінді
«Ағаттықтың азабы»

Бөлім:

Адамгершілік-асыл қасиет

Педагогтің аты-жөні:

Шойн Сара

Күні:

03.02.2023

Сынып:5 «Ә»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы:

Бердібек Соқбақпаев «Менің атым-Қожа» повестінен үзінді
«Ағаттықтың азабы»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

5.1.1.1. Әдеби шығарманы жанрына қарай фабуласы мен
сюжеттік дамуын сипаттау

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады
Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Пәнге қатысты сөздік қор, терминдер

Қаһар,тәжім,қарақшы,пышақ,қақпан,шарбақ,зоология

Талқылауға арналған сұрақтар

Қожа неге тәртіпсіздік көп жасады?Қожа бізге үлгі бола ала ма?Қожа соңында өз қателігін түсінді ме?,,,,

Шығарма жазуға арналған негізгі тіркестер

.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. 
Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Құндылықтарға баулу

-Өзіне және айналадағы адамдарға құрмет;
Ынтымақтастық, жауапкершілік;
— Ұлттық және адами құндылықтарға құрмет



Пән аралық байланыс

Тарих, әдебиет,өзін-өзі тану

Алдыңғы оқу

«Менің атым-Қожа» повесінен үзінді “Жолдама жайында”


Жоспар

Сабақтың кезеңі\уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы
І.Ұйымдастыру


5 минут

1.Оқушылармен амандасамын
2.Оқушылардың сабаққа толық қатысуын қадағалаймын
3.Оқушыларға психикалық ахуал қалыптастырамын.
«Бүгінгі сабаққа белсенділік қалай?»қолымызды жұдырықтап”күшті,орташа,
болады”-деп баяндап берсек.
Оқушыларды топқа бөліп отырғызамын.
І топ- Адамгершілік
ІІ топ-Әділеттілік
ІІІ топ- Түсіністік
Топқа бұлай бөлу себебім,адам бойындағы асыл қасиеттерді оқушыларға үндеу.

Оқушылар жеке-жеке тұрып жауап береді. Көңіл-күйлерін ауа-райына қатысытырып баяндап бойларын сергітіп алады.



-

«Адамгершілік»
«Әділеттік»
«Түсіністік»
топтары

Ортасы
ІІ. Жаңа сабақ


15- минут


Топпен жұмыс 15-минут

1.тапсырма
«Ағаттықтың азабы”*

Тапсырма: Кітапта Қожаның мұғалімі Майқанованың сөмкесіне бақа салып жібергені туралы жазылған. Және де Қожа мұны әдейі мұғалімді ренжіту мақсатында емес екендігін білеміз. Осы жерде балаларға сұрақ:


1) Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма?
2) Қожа анасына берген сөзінде тұра алды ма? Яғни, енді бұзықтық жасамаймын деген
3) “Бақа” сөзіне ребус немесе сөзжұмбақ құрастыр.


2-тапсырма
«Лабиринт»ойыны.Ойыншыны
дұрыс жолмен үйіне жеткізу.
3.тапсырма
Тындалым\айтылым
«Менің атым-Қожа» повесін талдау.

  1. Сен Қожаның бойынан қандай қасиеттерді алар едің?

  2. Өздеріңде осындай Қожаның басынан өткен сәттер өмірлеріңде кездесті ме?

  3. Қожаны неге мектептен шығармақшы болды?

  4. Қожа неге берген уәдесінде тұрмауына не себеп?

  5. Мектеп директорының шешімімен келісесіз бе?

  6. Сіз директор орнында болсаныз не істер едіңіз?

4.тапсырма
Жазылым
Әр оқушыға жеке жабық түрде қағаз беріледі.Оның ішінде жасырын кейіпкер болады.Сол кейіпкерді сипаттап,дәптерге түсіру..







Wordwall” Программасы



Аяқталуы


10 минут

Үйге тапсырма
Менің атым Қожа”повесіндегі кейіпкерлерге хат.


Кері байланыс.Хабарласу әдісі











Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет