Тапсырманы орындау қадамдары: Бағалау түрі: бірін-бірі бағалау. Білім алушылар 3-топқа топтасып, бір-бірінің жұмыстарын формативті бағалау арқылы смайликтермен бағалайды.
Тапсырманың тиімділігі:сабақта берілген критерийді толықтай ашады.
Бағалау критерийі: 1 Білу және түсіну дағдысы қалыптасады
Танымдық деңгей: орташа
ЕББҚ бар білім алушылар топтық жұмысқа қатысады. Қиындық туған жағдайда өзге білім алушыларды тыңдайды. Сабаққа қойылған мақсатпен танысады.
ЕББҚ бар білім алушылар БК бірдей.
Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің контактілі процесі туралы видеоролик көрсетіледі. Көрсетілген видеодан тапсырма әзірлеп, білім алушыларға топтық тапсырма ұсынылды.
«Кестені толтыр» әдісі арқылы Күкірт қышқылын өнеркәсіптік өндірудің контактілі 3 әдісін жазады. Уақытты үнемдеу үшін:
1-ші топ – сатыларын
2-ші топ – реакция теңдеулерін
3-ші топ – температурасын жазады.