Сабақтың басы
3 мин
5 минут
Сабақтың ортасы
25 минут
|
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
https://www.youtube.com/watch?v=rY-i9-aNevA
Сабақтың қызығушылықты ояту кезеңі
Ой шақыру.
Ребусты шеш. Жасырынған сөзді тауып, мағынасына назар аудар.
Саралау: Диалог арқылы саралау.
-Балалар, уақыт дегенде көз алдарыңа не елестейді?
-Уақыт жайында не білесің? Уақыттың адам өмірінде маңызы бар ма? Болса қандай?
-Олай болса, біз «Уақыт» бөлімін бастаймыз.
- Балалар, мына бейнероликке назар аударайықшы.
https://www.youtube.com/watch?v=0BOYtLs9jy0
Талдау сұрақтары:
- Бейнежазба не туралы?
- Дыбыс үндестігі дегеніміз не?
- Сөздің айтылуы мен жазылуында өзгерістер бола ма?
- Бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ?
-Олай болса бүгінгі сабақтың тақырыбы:
«Дыбыстардың үндесуі».
Оқу мақсаты:
Дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуін сақтап айтады;
Дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуіне мысалдар келтіреді;
Дауыссыз дыбыстардың өзара үндесуінің жазылу ережесін біледі.
Жаңа тақырыпты ұғындыру.
1-тапсырма. Оқулықпен жұмыс.
1-жаттығу.
Ертегіні тыңда;
Ертегі не туралы?
Негізгі ойды анықта;
Неліктен «Таңды іздеу» деп аталды деп ойлайсың?
Суреттердің қайсысы ертегі мазмұнына сай келеді?
Көркем жазу минуты.
3-жаттығу.
Сөздерді көшіріп жаз;
Сөздердің айтылы мен жазылуын салыстыр.Не байқадың? Қорытып айт.
Ережені оқып, өз ойыңмен салыстыр.
ЕБҚ оқушы көркем жазады. Сөздердің айтылуы мен жазылуы арасындағы айырмашылықты тауып көреді.
2-тапсырма. Жұптық жұмыс.
Саралау: Тапсырма арқылы саралау.
Өлең жолдарына сәйкес суреттерді табыңыз;
Апта күндерінің айтылуы мен жазылуына назар аударыңыз.
Өлең жолдары:
Дүйсенбіде доп ойнадық алаңда,
Сейсенбіде серуен құрдық далада,
Сәрсенбіде сурет салдық сәндетіп,
Бейсенбіде би биледік әндетіп,
Жұма күні жидек тердік ағаштан,
Сенбі күні кино көрдік театрдан,
Жексенбіде үйде болдық демалдық
Осылайша өте шықты бір апта
|
Көңілді әуенмен билеп, сабаққа керемет көңіл-күймен қатысады.
Ребусты шешеді. Уақыт және оның маңызы жайында ойын айтады.
Сұрақтарға жауап береді. Мұғалім мен оқушы арасында диалог жүргізіледі.
Балалар қойған сұрақтарға жауап береді.
Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен танысады
Ертегіні тыңдап, негізгі ойды анықтайды.
Көркем жазады.
Сөздердің айтылу және жазылуындағы ерекшеліктерді анықтайды.
|
Жарайсыңдар! Тамаша!
ҚБ:Мұғалімнің ауызша бағалауы үздіксіз жүріп отырады.
Дескриптор:
-ертегі мазмұнын айтады;
-негізгі ойды анықтайды;
- тақырыптың аталу себебін біледі;
-сәйкес суреттерді табады.
ФБ -2 балл
Дескриптор:
-көркем жазады;
- сөздерді көшіріп жазады;
-сөздердің айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктерді анықтайды.
ФБ -2 балл
Дескриптор:
-өлең жолдарын оқиды;
- сәйкес суреттерді табады;
-апта күндерінің айтылуы мен жазылуына назар аударады.
ФБ -2 балл
|
Интерактивті тақта
Ребус
Интерактивті тақта
Оқулық
71-73 беттер
|
5 минут
|
1-тапсырма
Айтылуы бойынша жазылған сөздерді тап.
Дұрыс жауап саны:2
Жанқожа
Досжан
Дошшан
Жаңғожа
2-тапсырма
Дұрыс жазылған сөзді белгіле
жолбасшы
жолбашшы
жолбазшы
ЕББҚЕ оқушы өз бетімен орындайды.
|
Тапсырманы өз беттерімен толтырады.
|
Дескриптор:
-айтылуы бойынша жазылған бірінші сөзді табады;
- айтылуы бойынша жазылған екінші сөзді табады;
-дұрыс жазылған сөзді табады.
ФБ-2 балл
|
Арнайы әр оқушыға шығарылады.
|
Сабақтың соңы
3 мин
|
Рефлексия «Түймедақ» күлтешелері арқылы
Үй тапсырмасы. Ереже жаттау. 4-жаттығу.
|
Бүгінгі білімдерін, не үйренгендерін тұжырымдайды
|
.
Оқушы сабақтан не түсінгенін, нені түсінбегенін, неден қиналғанын айтады
|
|