Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі



бет158/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Халық ауыз әдебиеті туралы сұрақ-жауап жүргізу.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біз бүгін «Арыстан мен түлкі» туралы ертегімен таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ:Ертегі туралы не білетіндерін қайталап, естеріне түсірту.Арыстан мен түлкінің суретін көрсету.Арыстан мен түлкі жабайы аңдарға жатады.олар орманда , тауда тіршілік етеді.Арыстанды-аңдардың патшасы дейді, ал түлкі өзінің қулығымен,айлакерлігімен бәрімізге таныс.Ал ендеше ертегіні тыңдайық.
Ертегіні мәнерлеп оқып беруіп, мазмұнын әңгімелеп беру.
VI.Жаңа материалды пысықтау:Ертегі дегеніміз не?Ертегінің қандай түрлері бар?Біз бүгін қандай ертегі оқыдық?Арыстан қандай айла тапты?Түлкі қалай аман қалды?
VII.Бекіту кезеңі:Ертегіні рөлге бөліп оқыту
VIII. Үйге тапсырма, бағалау :Ертегіні оқу, әңгімелеу, сурет салу.

111сабақ. Сабақтың тақырыбы: Күшік пен мысық


Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды ертегімен таныстыру.Үй жануарлары туралы түсініктерін кеңейту.ә) Оқу жылдамдықтарын арттыру.Сөйлеу тілдерін , есте сақтауларын дамыту.Сөздік қорларын молайту.б) мақтаншақ болмауға, батылдыққа, тыңдай білуге тәрбиелеу..
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: суреттер,сұрақтар
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгімелеу
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:1.Арыстан мен түлкі ертегісі бойынша түсінгендерін сұрау.2.Ертегі бойынша салған суреттерін тексеру.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:Қима карточкалар арқылы білімдерін жан-жақты тексеру.Берілген сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындату.
IV. Мақсат қою кезеңі:Бүгін біз үй жануарлары туралы «Күшік пен мысық» ертегісімен таныс боламыз.
V. Жаңа сабақ:Мысық пен күшіктің суреттерін көрсету, таныстыру.Мысық пен күшік үй жануарларына жатады.Оларды адамдар асырайды.мысық тышқан аулайды.Ал күшік үй күзетеді.Күшік пен мысық ертегісін түсініп оқып беру.Мазмұнын әңгімелеп беру.Ертегіні кезекпен оқу.Оқушыларды ешқашан да мақтаншақ болмауға үндеу. Мақтаншақтықтың соңы жақсылыққа әкелмейтінін түсіндіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет