Ү. Сабақты қорытындылау: Біз сендермен не жасауды үйрендік?
Ермексазбен жұмыс істеу.12. Сабақтың тақырыбы : Құрал-жабдықтар. Ермексазды бөлу.пішін сомдау. Сабақтың мақсаты: 1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс-тәсілімен таныстыру. 2.Қолынан іс келетін өнерлі, шебер болып өсуге баулу 3. Шеберлік өнерін дамыту.
Сабақтың мазмұны І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: а) Құрал жабдықтармен таныстыру. Ермексаз -жұмсақ, илеуге,созуға ыңғайлы материал. Сондықтан ермексаздан әр түрлі көлемдегі фигураларды жасауға болады. Ермексазбен жұмыс істеу үшін төмендегідей құрал-жабдықтар қажет.
Тақтайша, кескіштер, сүрткіш пен ыдыс, бояулар мен қылқалам, қолсүрткіш.құрал-жабдықтар салатын жәшік.
ә) Ермексазды бөліктерге бөлу. Жұмыс істегенде үнемі ермексазды пайдалана бермейміз. Кейде ұсақ бөліктермен жұмыс істеу қажет болады.Ол үшін ермексазды ұсақ бөліктерге бөлу керек. Оны бөлудің екі тәсілі болады.1.Жіппен бөлу. 2.Пышақпен немесе арнаулы кескішпен бөлу.
б) Ермексаздан пішін сомдау.
Алдымен ермексазды жұмсарту керек. Ол үшін екі алақанның ортасына салып домалақтаймыз.Жұмсарған ермексазды белгігі бір пішінге келтіреміз.Осы тәсілмен қарбыз, алма,алмұрттың пішінін сомдап,оларды бояуға болады.(Оқушылардың пішінді ермексаздан сомдауы.)
ҮІ.Сабақты бекіту:-Ермексаздың өзіне тән қандай қасиеттері бар? -Ермексаз қандай материал?
-Қандай құрал-саймандар кажет?-Ермексазбен жұмыстан кейін не істеу керек?-Ерменсазды бөлудің неше тәсілі бар? Ата.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?