Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


-1. Сабақтың тақырыбы : Балапан пішінін мүсіндеу



бет279/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

13-1. Сабақтың тақырыбы : Балапан пішінін мүсіндеу.
Сабақтың мақсаты: 1 Мүсін туралы түсінік беру. 2 Ұқыптылыққа баулу. 3. Шеберлік өнерін дамыту.
Жабдықтау: Ермексаз ,тақтайша, кескіш ,су, шүберек.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:Жан-жануардың немесе адамның бейнеленген пішінін мүсін дейді.а) Қолданылатын әдістерді түсіндіру.
Суретті тақтаға ілуә) Оқушылардың балапанды ермексазбен мүсіндеуі.1.Балапан жасауға қажетті бөлшектердің санын анықтау.2. Өлшемдері мен пішінін анықтап алу.3.Балапан пішінін тұтас ермексазбен мүсіндеу, басын, тұмсығын , қолмен созып жасау.4.Оларды нақты пішінге келтіріп алып, көзі мен қанатын жасау. 5.Жұмыс орнын тазалаймыз, қолымызды жуамыз.
ІҮ. Жаңа білімді бекіту:-Мүсін дегеніміз не?-Үйрек балапанын қандай материалдардан жасауға болады? Сыныптағы оқушылардың жұмыстарын бір-бірімен салыстыру.мадақтау
ҮІ. Сабақты қорытындылау:Біз сендермен не жасауды үйрендік?


13-2. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы : Алманың пішінін сомдау.
Сабақтың мақсаты: 1 Ермексазбен жұмыс істеудің әдіс –тәсілінмен таныстыру. 2 Ұқыптылыққа баулу 3. Шеберлік өнерін дамыту.
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ:а) Сомдау бастамас бұрын жұмыртқаның пішіні мен көлемін анықтап алу. Алдымен ермексазды жұмсартамыз.Жұмыртқаның пішінін саусақтың ұшымен сомдаймыз.Оны бояуға да болады.
ә) Алманың пішінін сомдау:Қызыл түсті ермек сазды домалақтаймыз. Саусақтың ұшымен оны алма пішініне келтіреміз. Артық ермексазды кескішпен кесіп немесе қырып аламыз.Кескішпен сабағын орнататын шұңқыр шұңғылдаймыз. Жасыл түсті ермексаздан жапырағы мен сабағын жасап, шұңқырға енгізіп жасырамыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   275   276   277   278   279   280   281   282   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет