II.Үй тапсырмасын сұрау -Үйге қандай тапсырма берілді?-«Қоян» туралы әңгіме жазу берілді-Ендеше қане кім оқиды?3-4 оқушыдан жазған әңгімелерін сұраймын.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңіӨткен сабақтардан алған білімдерін «Алма жинау» арқылы пысықтаймын.1 алма-дауысты дыбыстарды ата 2 алма- дыбыстар нешеге бөлінеді?Ата. 3 алма-Сөз нелерден құралады? 4 алма-дыбыстар немен таңбаланады? 5 алма-Дыбыс пен әріптің айырмашылығын ата 6 алма- мына сөздерден сөйлем құра: алма, алдым, сатып, мен.
IV. Мақсат қою кезеңі:Біздің бүгінгі тақырыбымыз дауыссыз дыбыстар.Яғни, бүгін біз дауыссыз дыбыстарды танып, дауыстылардан ажырата білуге және ерекшеліктерін білуге үйренеміз. «Төлді қалай шақырады?» өлеңімен таныс боламыз.Төлді қалай шақыру керектігі туралы білетін боламыз.
V. Жаңа сабақДыбыстар туралы түсінікті қайталай келіп, дауыссыз дыбыстар туралы, түсінік беру. -Дыбыстар нешеге бөлінеді?-2-ге-Қандай? -Дауысты және дауыссыз
-Дауыссыз дыбыстарды ата -Дауысты дыбыстарды ата. -Дұрыс.Ал ендеше біз бүгін дауыссыз дыбыстар туралы білетін боламыз.Дауыссыз дыбыстар дегеніміз-айтылу кезінде ауаның кедергіге ұшырап шығуы арқылы жасалады.Мысалы:т,с,қ.біздің тілімізде 25 дауыссыз дыбыс бар.Олар: б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ (у). -У дыбысы кейде дауысты , кейде дауыссыз дыбыстың ролін атқарады. -Оқушыларға дауыссыздарды қайталату, оқыту.Төрт түлік мал туралы түсінік беру.Суреттерін көрсету, төлдерін атату.
-17-жаттығу Өлеңді түсініп оқыту.Қамбар ата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната, Сексеката, сөздерін жазғызып, дауыссыз дыбыстардың астын сызғызу.(тақтаға орындалады.) 18-жаттығу. Оқушыларға Әбділда Тәжібаев туралы қысқаша мағлұмат беріп өтіп, «Құлыншағым» өлеңін оқып беру.Өлеңді мәнерлеп оқыту.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп жазып, әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыздыру.(Орындарында отырып өз беттерінше орындайды.)
«Төлді қалай шақырады?» әдеби мәтін тапсырмасын мәнерлеп оқып беру, түсіндіру.Әңгіме жүргізу.Өлеңді кезекпен оқушыларға оқыту.Сұрақтарға жауап алу.
1/Төлдерді қалай шақырады? 2/Төлдер туралы өздерің не білесіңдер? 3/мысықты, атты қалай шақырады?