Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010


VI. Жаңа материалды пысықтау



бет100/304
Дата24.05.2023
өлшемі1,93 Mb.
#96353
түріСабақ
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   304
Байланысты:
1-сынып, сабақ жоспары

VI. Жаңа материалды пысықтау:Өлеңді оқу
О, қорқайын мен неге?
Нағашы атасы:
-Шам жақпаған үйде сен
Қалмайды дейді.
Қараңғы бөлмеге кір десе,
Бармайды дейді.
Осы рас па?
Жиені:
-О, қорқайын мен неге?
Нанбасаңыз,
Сол қараңғы бөлмеге
Менімен бірге жүріңіз
Менімен бірге кіріңіз
Нағашы атасы:
-Мен жаңылып айтып жатыр екем ғой.
Менің жиенім батыр екен ғой... М. Әлімбаев
VII. Бекіту кезеңі:1.Өлеңді оқу барысында әрбір сөйлемнің, сондай-ақ екі кісі сөзінің-диалогтің дауыс ырғағын сақтаңдар.2. Өлеңді талдап қосымша сұрақтар қою.
VIII. Үйге тапсырма, бағалауӨлеңді мәнерлеп оқып келу. 3. «Нағашы ата»туралы әңгіме жазыңда

35 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Жуан және жіңішке жұп дауыстылар. Көрші атам. Сәлем бере білейік. Мақалдар


Сабақтың мақсаты: а) Жуан жіңішке дауысты дыбыстар бойынша білімдерін пысықта ә) Оқушылардың сабақ барысында есте сақтауын сөздік қорын дамыту, логикалық ойлауын дамыту б) Үлкен кісіні сыйлауға ,әдептілікке тәрбиелеу, дұрыс амандасуға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар:кеспе әріптер.
Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,
Пәнаралық байланыс:
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу,сабаққа дайындау.
II.Үй тапсырмасын сұрау:Үйге тапсырманы еске түсіріп пысықтау.балалар, өткен сабақта қандай тақырып өткен едік кім маған айтады?Дұрыс, дайын болсақ , сабақ айтамыз.
III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі:-Балалар, осы нағашы ата деген кім?-Дұрыс мамамыздың әкесі.-Кім өз нағашы атасы туралы айтып береді?
IV. Мақсат қою кезеңі:-Балалар , біз үлкен аталармен амандасқан кезде ұлдар не деп амандасамыз?.- Балалар, осы Сөз атасы –сәлем деген нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?-Үлкен апалармен амандасқанда қалай амандасамыз?- Көрші аталарыңмен, апаларыңмен қалай амандасасыңдар?
V. Жаңа сабақ:Бүгінгі өтетін жаңа тақырыпта «Көрші атам»деп аталады.
Күнде үйінің қасынан
Көрші атамды көремін
Жүгіріп кеп асыға
Оған сәлем беремін
Қолымды ол күліп кеп,
Иіліп тұрып алады
-Міне нағыз жігіт!- деп,
Сүйсініп бір алады
Сәлем бере білейік (көрініс ретінде)
-Ассалаумағалайкум!-«Алланың нұры жаусын!»
- Уағалайкумассалам!- «Өзіңізге де соны тілеймін!»
Сәлемдесуге байланысты тағы қандай сөздерді білесіңдер?
М. Жаманбалиев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   304




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет