ІІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.
ІҮ. Жаңа сабақ:
а) Көп заттың ішінен бір затты бөліп алу,оның санын анықтау.
ә) Оқулықпен жұмыс:
Алма-3 сары алма-1Алмұрт-3, көк алмұрт-1 б) 1 санының цифрымен таныстыру.
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық, Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып, Бір тынығып алайық.
ҮІ. Жаңа білімді бекіту.
1) Қара өрік-1 Шие-1 Өрік-1
2 ) Суреттегі нәрселерді санату. Тек біреу болса ғана, 1 деген жазуы бар қорапқа салғызу.
3. 7 алманы кірпі 1 алмадан неше рет тасиды? 4. Бірінші қатардағы заттардың санын анықтау.(жеке-жеке) 5. Құстардың ішінде пілдің суреті тұрғаны дұрыс па?
Дәптермен жұмыс:
1 цифрын жазу. 1- ден 10-ға дейін оң санау. 10-нан 1-ге дейін кері санау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: Бүгін біз сендермен қанша саны және цифрымен таныстық?
ҮІІ.Үйге тапсырма. Бағалау
18. Сабақтың тақырыбы: 2 саны және цифры. 21 бет
Сабақтың мақсаты: 1. 2 саны және цифрымен таныстыру 2. 2 цифрын таза жазып үйрену. 3. 2 цифры мен заттардың санын сәйкестендіре білуді үйрете отырып, білімін тереңдете түсу.
Сабақтың көрнекілігі: Геометриялық фигуралар, әр түрлі заттардың шаблоны
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың мазмұны.
І. Ұйымдастыру.1 Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау Үйге берілген тапсырманы пысықтау
Достарыңызбен бөлісу: |