4 3. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киімдердегі ою-өрнектер.
Сабақтың мақсаты: 1. Түсіндіру.2. Киім үлгілерімен таныстыру. 3.Танымдылық қабілетін дамыту.
Жабдықтау: Қайшы , түрлі-түсті қағаз, желім.
Сабақтың мазмұны І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ.Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ. а) Түсіндіру.Әр ұлт өз киімін өздерінің ұлттық ою-өрнегімен әшекейлеп, безендіреді.Барлық ұлттық киідер әсем әшекейленеді. әр киімнің ерекшелігіне қарап ,қай ұлттың киімі екенін бірден тануға болады.
Қазақтың ұлттық киімі ұлттық ою-өрнекпен әшекейленеді.
Қырғыздікі қазақтікіне ұқсастау болады.Орыстың ұлттық киімі, өзбектің ою-өрнегі, ұйғырдың ою-өрнегінде аздаған ұқсастықтар бар ,яғни гүлге ұқсас болып келеді.ә) Қазақтың кимін ұлттық ою-өрнекпен әшекейлеу.
ІҮ.Сабақты қорытындылау: Біз нені үйрендік?
4 4. Еңбекке баулу.Сабақтың тақырыбы: Зергерлік өнер
Сабақтың мақсаты: 1. Зергерлік өнер туралы түсінік беру.2. Эстетикалық тәрбие беру. 3. Өнерге деген құштарлығын арттыру.
Жабдықтау: дәнектер, моншақтар, жұмсақ сым.
Сабақтың мазмұны І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Мақсат қою: тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау.
ІІІ. Жаңа сабақ: а)Түсіндіру.Зергерлік өнер деп бағалы металдар мен асыл тастардан сәндік бұйымдар жасауды айтады.Зергерлер металдар мен асыл тастардан алқа, сәнді түйреуіш, сақина, сырға, тұмарша жасайды. Суретте тұмаршаның екі түрі берілген. Тұмарша сәттілік пен бақыт әкеледі деп есептелген. Ол жамандық пен қырсықтан,тіл көз тиюден сақтайды. Зергерлік бұымдарды әйелдер мен қыздар мейрамда киетін киімдерімен тағады. Зергерлік бұйымдар жеңіл материалдардан жасалады. Олардың сыртқы пішіні қарапайым болады.