Білім беру ұйымы:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
|
Пән: Қазақ тілі Т2
|
Бөлім:6 .Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті
|
Педагогтің Т.А.Ә.:
|
|
Күні :
|
|
Сынып: 2
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы: Бата – жақсы тілек
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
2.3.2.1 шағын мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерден құрастырылған қарапайым фразалардың/сөйлемдердің мағынасын түсіну
2.3.3.1* мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, әңгіме) ажырату
2.5.1.3*мұғалімнің қолдауымен сөйлемдегі етістіктің шақтарын, рай формаларын ауызша сөйлеу тілінде қолдану
|
Сабақтың мақсаты :
|
Барлық оқушылар: мәтінді түсініп оқуды;бата туралы сұрақтарға жауап бе-
руді ,мәтіннің жанрын (әңгіме) ажыратып үйренеді.
Оқушылардың басым бөлігі: мәтіннің жанрын ажыратады, мазмұнын түсінеді осы шақты білдіретін сөздерді қолдана алады
Кейбір оқушылар: өлеңді толықтырып, шақтық мағынаны білдіретін сөздерді дұрыс қолданады
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/
уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(8 минут)
|
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу.
2.Үй тапсырмасын сұрау
«Дастарқан » сөзінен сөздерді құрап жазу
3.(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы жаңа тақырыпты жариялау .
-Суреттерге қараңдар.
Суретте не көріп тұрсыңдар?
Сабақтың тақырыбын болжату.
Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру
|
«Шаттық шеңбері»
Ашық аспан болсын!
Әр күніміз біздің
Сәттілікке толсын!
Қазақ тілі пәнінен
Білмегенді білейік
Үйренейік, күлейік!
Үй тапсырмасын оқиды
Айтылым. Сұрақтарға жауап береді.
Болжау. Сабақтың тақырыбын,мазмұнын сұраққа жауап беру арқылы болжайды.
|
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Өзара бағалау: «Өте жақсы», «Жақсы», «Талпын»
|
Суреттер
|
Сабақтың ортасы
(9-42 минут)
|
1 Сөздікпен жұмыс.
Жаңа сөздер:
бата- благословение
тілек-пожелание көгереді- зеленеет
дана- мудрый
Жаңа сөздермен танысты-рады, оқушыларға қайталатады.
Дұрыс айтуға жаттықтырады.
2. Тыңдалым.Мәтінді екі рет тыңдатады.
1 – тапсырма. Тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Бата – жақсы тілек. Батаны жасы үлкен адамдар береді.
«Батамен ер көгереді, жауынмен жер көгереді» дейді дана халқымыз.
3. 2-тапсырма.Оқы. Сұрақтарға жауап бер
Мәтін қай жанрда жазылған?
А) әңгіме
Ә) ертегі
Б) өлең
|
Тыңдалым,айтылым.
Жаңа сөздермен танысады
Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды.
Жаңа сөздерді сөздікке жазады.
Сөз тіркесін, сөйлемдер құрайды.
2. Тыңдалым/Айтылым
Оқушылар мәтінді екі рет тыңдайды.. Сұрақтарға жауап береді.
* Бата деген не?
Батаны кімдер береді?
Оқылым. Шағын мәтінді түсініп, мәнерлеп оқиды. Мәтіннің жанрын ажыратады.
Сұраққа жауап береді.
Кім бата берді? Қандай бол деді?
|
Ауызша кері байланыс беру. Жақсы! Тамаша!
Дескриптор:
-мәтінді тыңдайды;
- не туралы екенін айтады;
-сұраққа дұрыс жауап береді
-сөйлем құрылымын сақтайды
«Қолмен белгі
беру» әдісі бойынша бағалайды.
Дескриптор:
− мәтінді қатесіз оқиды.
– мәнерлеп оқиды
-мәтіннің жанрын ажыратады
- не туралы екенін айтады;
|
Достарыңызбен бөлісу: |